Аймақтар • 01 Қазан, 2020

Қызылорда облысының әкімі ардагерді Қарттар күнімен құттықтады

28 рет көрсетілді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ұлы Отан соғысы ардагері Любовь Колесниктің үйінде болып, Қарттар күніне орай құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қарттар біздің қазынамыз. Елімізде қарттарды қолдау мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне айналды. Сіздерге құрмет көрсету біздің парызымыз. Өмір жолдарыңыз, ерліктеріңіз өскелең ұрпаққа қашан да үлгі. Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін", - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Өз кезегінде Ұлы Отан соғысы ардагері көрсетілген құрметке алғысын айтты.

Колесник Любовь Сергеевна - 1925 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген.

Соғыс жылдары жергілікті медициналық техникумда оқып, 1944 жылы әскер қатарына шақырылған. Соғыс кезінде Беларусь майданында медбике қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар

Қару ұстауға бақылау күшті

Қоғам • Бүгін, 18:11

Ұқсас жаңалықтар