Қазақстан • 27 Ақпан, 2020

Қазақстан мен Өзбекстанның ІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы Түркістанда өтеді

46 рет көрсетілді

Екі елдің 3-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы биылғы қазан айының екінші жартысына жоспарланып  отыр.  Мұндай шешім Өзбекстан Республикасының Ургенч қаласында Үкімет басшыларының қатысуымен өткен «Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы» тақырыбындағы форумда қабылданды.

Аталмыш форум аясында Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасының өңірлері арасында өзара ынтымақтастық туралы 7 келісім мен жалпы сомасы 50 млн АҚШ доллары болатын 3 экспорттық келісімшартқа қол қойылды. Екі елдің өңірлеріне инвестиция тарту аясында Түркістан облысының әкімі мен Ташкент және Сырдария облыстарының хокимдері ынтымақтастық туралы,  Түркістан мен Нұрафшон қалаларының әкімдіктері арасында экспортты өзара дамыту туралы келісімдерге қол қойылды. Әкімдіктер инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және екі қаладағы туристік айналымды өзара ұлғайту туралы уағдаласты. Келісімдер туризмді дамыту мақсатында да жасалды. Мысалы, Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Бұхар өңірлері арасында осы облыстардың туризм нысандарын бір бағытқа қосатын туристік кластерді құрудағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы төрт жақты келісімге қол қойылды. Сондай-ақ форум барысында екі елдің жетекші кәсіпорындарының көрмесі өтіп, онда Түркістан облысының кәсіпкерлері қатысушыларды өңірдің туристік бағыттарымен, өндірілетін өнімдермен жан-жақты таныстырды.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар