Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Түркістан: Ақтөбелік ана Жетісайға арнайы келіп, қайырымдылық жасады

43 рет көрсетілді

Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан «Қамқорлық» жобасы өзге өңірлерден де қолдау таба бастады.  Үлгі аларлық шараға өзіндік үлесін қосқан Ақтөбе облысының тұрғыны Гүлбарам Қабыланқызы Жетісай ауданына арнайы келіп қайырымдылық жасады.

Ақтөбелік ана ауылдағы мұқтаж жандарға екі бас ірі қараның етін 30-ға жуық отбасына таратты. Сондай-ақ Жетісай қаласы мен Асық-ата кентінде орналасқан балаларға арналған екі оңалту орталығының төсек-орнын түгелдей жаңартып, қажетті тұрмыс жиһаздарын сыйға тартты.

түркістан

«Ұлтымыздың жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық, кеңпейілділік. Түркістан облысында «Қамқорлық» бағдарламасының барын естіп, аз да болса мұқтаж жандарға көмек көрсетейін деп шештім. Бүгін бар дүние ертең жоқ. Балаларымның бәрі қолдады», – дейді ақ жаулықты ана Гүлбарам Қабыланқызы. Өз кезегінде жергілікті әкімдік өкілдері алыстан арнайы келген анаға алғыстарын білдіріп, естелік сый-сияпат жасады.

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар