Коронавирус • 04 Желтоқсан, 2020

Қызылорда облысында өткен тәулікте 4 адам коронавирустан емделіп шықты

13 рет көрсетілді

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 23 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте Қызылорда қаласында 4 науқас коронавирус инфекциясынан айығып, бақылаудан алынды. Дәл сол күні облыс көлемінде бұл індетпен тіркелген науқас жоқ.

Осы жылдың 3 желтоқсан күні облыс зертханаларына 1277 сынама тапсырылып, тексерілген 250 сынамадан індет анықталмады. Қалған 1027 сынама бойынша мамандар жұмыс жасауда. Бүгінде зертханалар қорында 16041 қалдық тест бар.

Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 4 науқас, инфекциялық стационарда – 19 науқас ем алуда.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар