Сайлау • 03 Желтоқсан, 2020

Уақытша болу орындарында дауыс беру

25 рет көрсетілді

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді

– Демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилак­тикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiміне дауыс беру күні аталған мекемелер мен ұйымдарда болатын барлық азаматтар енгізіледі.

– Әскери бөлімдер бойынша әскер бөлiмдерiндегi барлық әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын олардың отбасы мүшелерi мен басқа сайлаушылар тiзiмге енгізіледі. Әскери бөлімдерден тыс жерде тұратын әскери қызметшілер тізімдерге тұрғылықты жері бойынша жалпы негіздерде енгізіледі.

– Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген әрi Республиканың жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi. Шет мемлекетке жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген Республика азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматы деген жарамды паспорты болса, сайлаушылар тiзiмiне енгізіледi.

– Азаматтардың уақытша болатын орындарында құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдері дауыс берілетін күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша міндетті түрде нақтылануға тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстан • Бүгін, 11:19

Батыс Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 10:56

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:23

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Ұқсас жаңалықтар