Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтар үшін, әсіресе Елбасының жанында жүріп, саяси мектебінен тәлім алған, өмірлік тәжірибесінен сабақ алған азаматтар үшін ерекше мереке. Нұрсұлтан Әбішұлының ұдайы жадымызда жатталып, санамызда сайрап тұратын тәуелсіз, зайырлы мемлекеттің негізін қалап, болашағын қалыптастырудағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегі бұл күндері тіпті жаңғыра түседі. Жылжыған жылдар мен сынаптай сырғыған күндерге көз жібере отырып, Елбасының 30 жыл ішіндегі Қазақстанды төрткүл дүниеге танытқан кемел көрегендігі мен кемеңгерлігіне айрықша тәнті боламыз.

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды
Ұлыбританияның экс-Премьер-министрі Маргарет Тэтчердің кезінде айтқан: «Қазір жаһандық саясатта 5-6 ірі және ықпалды саясаткер бар. Солардың бірі – Нұрсұлтан Назарбаев. Мен оған сенемін және оның барлық бастамаларын қолдаймын» деген сөзінің құндылығына тағы да көзіміз жете түседі.
Шындығында, әлемнің саяси картасында жаңадан пайда болған жас мемлекет Қазақстанның Тұңғыш Президентінің басшылығымен, бірегей тұлғасымен және биік беделінің арқасында әлемдегі беделді әрі орнықты елге айналды.
Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласында Елбасының қайраткерлік қасиетіне тоқтала отырып, «Тарих жолы тақтайдай тегіс, түзу бола бермейді. Бұрылысы мен қалтарысы жиі кездесетін дәуірдің сыншысы да көп. Ал нақты әрі батыл іс-әрекетке бара алатын адамдар сирек. Мұндай тұлғалар тарихты түзеді, жаңа заманды алға жетелейді. Міне, Нұрсұлтан Әбішұлы – осындай айрықша ерік-жігерімен ертеңгі көкжиекке батыл қарай білген бірегей реформатор, әлем мойындаған мемлекет қайраткері. Ол – тәуелсіз елдің төл тарихын өз қолымен жасаған тегеурінді тұлға! Елбасымыз әлемнің ең азулы елдерінің басшылары мен саяси қайраткерлері құрмет тұтатын биікке көтеріліп, еліміз халықаралық қоғамдастықтың белді де беделді мүшесіне айналды. Бұл – күрмеуі қиын күрделі кездерде халықты ауызбіршілік пен татулыққа жұмылдырып, ескі түсініктен нарықтық қоғамға өткізген және әлемдік экономиканың белсенді қатысушысына айналдырған Нұрсұлтан Назарбаев феномені» деп үлкен тебіреніспен атап өтті.
Ойланып қарасақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың лауазымындағы «Тұңғыш» сөзінің түп-төркіні мен тарихи мазмұны да тереңде жатыр. Біріншіден, «Жолбасшы» ұғымымен үндеседі. 1991 жылы Қазақстан халқын не күтіп тұрғанын болжай алмайтын кезеңде Елбасы елді дамыту жолдарын айқындаудың алғашқы батыл қадамдарын жасады. Тыңға түрен салудың қаншалықты қиямет екенін тек «Тұңғыш» қана біледі, «Тұңғыш» қана түсінеді.
Қазіргі сәтте «Тұңғыш» сөзі «Қазақстан жолы» ұғымымен де тығыз байланыстырылады, яғни бұл – Семей ядролық полигонының жабылуы, бұрынғы кеңестік республикалардың ыдырауы кезеңінде жарияланған Еуразиялық идея, Әлемдік дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, сондай-ақ бүкіл әлем күткен ЕҚЫҰ саммиті және қазірдің өзінде іске асырылған «Қазақстан-2030» стратегиясы, ЭКСПО-2017, тағы басқа шаралардың төл шежіресі.
«Тұңғыш» сөзінің тағы бір мағынасы – «бірінші болу», яғни «Көшбасшылық». Тәуелсіздіктің барлық кезеңінде нысанаға дәл тиетін сөздер мен идеялар таба білу, адамдарды топтастыру және соңынан ерте білу – бұның барлығы Елбасының саяси қолтаңбасының айрықша белгісіне айналды.
«Тұңғыш» сөзін – «жеңімпаз, чемпион» деп те қарастыруға болады. Өйткені жеңіске жету – саясаткердің айрықша өнері және көшбасшының ең маңызды қасиеті.
Қазақстан өзінің осындай көп қырлы, сан салалы, бесаспап тұңғыш Көшбасшысымен асқар асулар мен биік белестерді бағындырды.
Қазір отыз жыл артқа шегініп, Тәуелсіздік шежіресіне үңілгенде азаттық алған Қазақстанның аяққа тұрып кетеріне күмәнданған, сынай қарағандардың көп болғаны еске түседі. Керісінше, тілеулес болған, жанашырлық танытқан және даңқы артқан Қазақ елін өз көзімен көруге асыққан, Елбасымен кездесуге құштар мемлекет басшылары да жетерлік еді. Солардың бірі Қазақстан тәуелсіздігін жариялағанда таңның атқанын күтпей, сол күні ең бірінші құттықтаған сол уақыттағы Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Өзал-тұғын. Түркия басшысы алғашқылардың бірі болып елімізге арнайы сапармен келіп, Елбасымен бірге Алматы қаласындағы тұңғыш 5 жұлдызды «Анкара» қонақүйінің іргетасын қалады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін ашу туралы келісімге қол қойды.
Ататүріктің «Біздің көршіміз, Кеңес Одағы күндердің күні құлайды. Бірақ ол жерде біздің қандас бауырларымыз бар. Біз олармен байланысты үзбеуіміз керек. Біз соған дайын болуға тиіспіз. Тіл деген – бір көпір, тарих – бір көпір, мәдениет деген – бір көпір, осы көпірлерді құлатпауымыз қажет. Сол бауырларымызбен біз өте жақын қарым-қатынаста болуға міндеттіміз», деген аманаты жүзеге асты.
Қазақстан Республикасы Президенті Протоколын басқарған жылдары Нұрсұлтан Әбішұлының күн демей, түн демей жұмыс істеп, Қазақстан атты жас мемлекетті әлемдік қауымдастыққа енгізу жолындағы тынымсыз сәттеріне сан мәрте куә болдым. Тіпті ресми кездесулерден кейін де күрделі келіссөздер жүргізіп, жеке сыйластығы мен достығының арқасында қиюы қашқан мәселелердің қисынын келтіретін. Алайда алпауыт елдердің басшыларына сөзін өткізу, ортақ шешімге, мәмілеге келу, оларды ел болашағына сендіру оңай еместігін байқайтынбыз. Мемлекет лидерінің иығына түскен жүктің зіл-батпан ауырлығы мен тарихи жауапкершілігі бізге де сезілетін.
АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джордж Буш бір сөзінде Қазақстанның саяси және экономикалық реформаларда үлкен табыстарға қол жеткізгенін айта келе, бұл жетістіктер Елбасының маңдай терінің ақталғанын көрсететінін атап өткен еді.
Қазіргі таңда тәуелсіздікті бізбен қатар алған 15 одақтас мемлекеттің саяси жағдайы мен экономикалық дамуына, халықаралық аренадағы абырой-беделі мен халқының тұрмысына қарап, Елбасы еңбегінің шын мәнінде өтелгеніне және бүгінгі ұрпақ жемісін көріп отырғанына қуанамыз.
Әсіресе Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметімде бауырлас Түркия Республикасының барша саясаткерлері мен сарапшылары, іскер азаматтары Елбасымызды түрік ұлтын төрге шығарған Ататүрікпен салыстырып, түркі әлемінің данагөйіне, мақтанышына балап жататынын жиі естідік.
Жалпы, туыстас елдер Тұңғыш Президентіміздің «Ақ теңізден Алтайға дейінгі үлкен кеңістікте өмір сүріп жатқан түркі халықтары 200 миллионға жуық. Олар бірігіп, тату болып, ынтымақтастығын арттырса, өздерін әлемге әбден таныта алады» деген ұстанымын айрықша қастерлейді.
2016 жылғы Түркия мен Ресей арасындағы дағдарыста арағайындық жасап, бітімгерлік танытуы осы жағдайға алаңдап отырған жан-жақтағы жұртшылықтың күпті көңілін басып, керісінше сенімін еселеп өсіріп жіберді. Бауырлас халықтың былтыр Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің өмір бойғы құрметті төрағасы мәртебесін беруі – Елбасының саяси және тарихи рөлін талассыз мойындауы деп қабылдауға болады.
Тұңғыш Президентіміздің Жарлығымен Түркістан облысының құрылып, киелі Түркістан қаласының қайта жаңғыруы да – түркі дүниесін елең еткізген өзгерістің бірі. Елбасымыздың ұзақ жылдан бері «Түркістан – түркі дүниесінің орталығы болуы тиіс» деген ой-пікірінің біртіндеп орындалып, аз ғана уақыттың ішінде тұрғызылған көркем шаһар түгел түркінің төріне, рухани орталығына айналар күн алыс емес. Алдағы жылға жоспарланған Түркістанда өтетін Түркітілдес елдердің саммиті Орталық Азия елдерінің интеграциясын бекемдей түспек. Қазірдің өзінде халықаралық сарапшылар Еуразияның кіндігінде орналасқан Қазақстанды геосаяси және стратегиялық тұрғыдан түркі дүниесі қауіпсіздігінің кепілі деп санайды. Еуропа және Қытай арасындағы негізгі транзиттік дәліз ғана емес, батыс пен шығысты, солтүстік пен оңтүстікті байланыстырып отырған шешуші ел деп есептейді. Өйткені Н.Назарбаев саясаты көрші мемлекеттердің де мүддесін көздеп, күрмеуі көп аймақтық және халықаралық ахуалдың шешуші алаңына айналдырды. Сондықтан болса керек, шетелдік саясаткерлер Н.Назарбаевты түркі Еуразиялығының аса көрнекті идеологі деп бағалайды. Тіпті алыс-жақын шет мемлекеттердің қай-қайсында қақтығыс орын ала қалса, біздің Елбасы не дейді деп әуелі әліптің артын бағатын үрдіс қалыптасты. Татулықты ту еткен Қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен айрандай ұйыған ынтымағына қызығатындар көбейді.
Кезінде БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннанның «Қазақстан – ТМД мемлекеттерінің ішінде ауызбірлігімен, татулығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұл мемлекетте экономикалық өсу байқалады. Қазақстан түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүретін мемлекеттің үлгісіне айнала алады. 1991 жылы Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы және сынақ полигонын жабуы ядролық қарусыздандыру мен оны таратпау бойынша жаһандық талпыныстарға елеулі үлес қосты» деп берген бағасы мен артқан сенімі шындыққа айналды.
Елбасы сыртқы саясатпен қатар, елдегі тұрақтылық пен этносаралық келісімді басты назарда ұстап келеді. Өткен жылы елімізге ресми сапармен келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысымен танысып, таңғалыстарын жасыра алмады.
Делегация құрамында Ауғанстан, Албания, Аустрия, Бельгия, Эстония, Венгрия, Исландия, Италия, Литва, Черногория, Португалия, Румыния, Ресей, Сербия, Словакия, Испания, Швеция, Тәжікстан, Өзбекстан секілді 20-ға жуық елдің өкілдері болды. Олар кетерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделін үлгі ете отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен құрылымын өз елдерінде енгізу туралы бастама көтеретіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін Еуразия кеңістігінде кең насихаттайтындықтарын айта келе, ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер үшін Н.Ә.Назарбаевтың бірегей моделі ең тиімді жол екенін жеткізді. Жақында Ресей президенті Владимир Путиннің «Ресей халқы Ассамблеясын» құру туралы Жарлыққа қол қоюы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатын үздік деп танып, үлгіге алуы деп есептеуге толық негіз бола алады.
Биылғы Ассамблеяның 25 жылдығының басты оқиғасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Ассамблея Кеңесі болды. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы ретінде тәуелсіздіктің бүкіл кезеңіндегі бірлік пен келісім саясатын сараптап берді.
«Ассамблея азаматтық қоғамның әмбебап құрылымының барлық үздік сипаттамасына ие болып, достық, бейбітшілік, тыныштық пен сенім – Қазақстанның қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы үшін маңызды үлес қосты. Тәуелсіздігіміздің дамуы мен ұлттың қалыптасуының жолында дәл осылар негізгі алғышарт болды», деп атап өтті. «Отбасының амандығы, бірлік, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, ынтымақ пен құрмет, бір-бірімізді қолдауға және өзара көмекке дайын болу» сияқты Қазақстан халқының ортақ құндылықтарына тоқталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа жағдайға сай халқымыздың санасын, ақыл-ойын, өмір салтын өзгертуге, жаңғыртуға бағытталғанына баса мән берді.
Мемлекеттік тіл этностарды біріктіруші және ұйыстырушы фактор ретінде Ассамблея Кеңесінде қарастырылған негізгі мәселелердің бірі болды. Алқалы жиында ана тілімен қатар мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі этнос өкілдерінің сөз сөйлеуі мемлекеттік тілдің мәртебесін асырып, Ассамблеяның осы бағыттағы нәтижелі жұмысын көрсетті.
Елбасы Түркістан облысының Арыс және Мақтаарал аудандарына, пандемия кезінде аз қамтылған отбасыларға, дәрігерлерге, мектеп оқушыларына этно-мәдени бірлестіктердің көрсеткен көмегін мысалға келтіріп, Ассамблеяның әлеуметтік рөлін де назардан тыс қалдырмады. Қоғамдық келісім мен бірліктің қазақстандық үлгісін одан әрі жетілдірудің стратегиялық бағыттарын белгіледі. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыруда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты толығымен қолдайтынын жеткізді.
Тұңғыш Президент «Отанға деген сүйіспеншілігімізді үнемі қастерлеп отыру, оның тарихи тағдыры үшін ортақ жауапкершілігімізді нығайту» қажеттігін тапсырды.
Бұл Ассамблея Кеңесін аса маңызды саяси оқиғаға айналдырды және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елдегі этносаралық үдерістер қарқынын жіті қадағалайтынын және өзінің «кеменің қай жағалауға бет алғанын» білетінінің тағы бір айқын дәлелі болды. Мұны Ассамблея Кеңесінің барлық қатысушылары ерекше сезінді, әр облыстан келген спикерлер Елбасына Қазақстанның өркендеуі үшін жасаған барлық іс-әрекеттері үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Тұңғыш Президент күні еліміздің барлық азаматтары осы ризашылыққа қосылады және Елбасына ұзақ өмір, Қазақстан халқына қызмет ету жолында күш-қуат тілейді.
Елбасы өткен жылы Президенттік өкілеттігін тоқтатқанымен, ел өмірінен алыстамай, мемлекет басқару ісіндегі мол тәжірибесімен бөлісіп, әр саланы жіті бақылап, осылай бағыт-бағдар беріп отырғаны – нағыз кемеңгерліктің көрінісі. Ал Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – жыл сайын Елбасының саяси феномені мен көшбасшылық тұлғасын айшықтай түсуге және өскелең ұрпаққа тарихи тағылымын танытуға жол ашады.
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі
Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Аймақтар • Бүгін, 22:12
Полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан • Бүгін, 18:50
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 17:49
Францияда бір тәулікте 16 мың адамнан коронавирус анықталды
Әлем • Бүгін, 17:11
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Бүгін, 16:42
G7 саммиті маусым айында өтеді
Әлем • Бүгін, 15:34
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Интернет-алаяқтық жасаған 97 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:20
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Бүгін, 12:05
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 11:45
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 09:53
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Бүгін, 09:44
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар