Оқиға • 25 Қараша, 2020

Асыққан әйел жүргіншіні соқты

49 рет көрсетілді

Кеше таңертең Петропавлда Daewoo Matiz автомобилі жаяулар өткелімен өтіп бара жатқан 50 жасар әйелді соқты, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға қаланың Жамбыл және Труд көшелерінің қиылысында болған. Автомашинаның 42 жастағы жүргізушісі жаяулар өткелі деген белгіні көрмей қалған.

Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізуші әйелді жол патрульдері медициналық тексеруге жеткізген еді, ол ішімдіктен сау болып шықты. Айтуына қарағанда қатты асыққан көрінеді. Қазір оның автомашинасы арнаулы тұраққа қойылып, іс әкімшілік сотқа дайындалуда.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар