Аймақтар • 29 Қазан, 2020

ШҚО-да блокбекеттер қайта қойылады

912 рет көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында блокбекеттер қайта қойылады. Бұл туралы ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары, өздеріңіз білетіндей, бір тәулік ішінде өңір бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 139 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден асып, 683,6 құрап отыр. Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептері тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеу іс-шараларын сақтамауы, сондай-ақ шектес мемлекеттермен жалғасатын жолаушылар мен жүк ағындары болып табылады.

Осыған байланысты ҚР Үкіметінің келісімі бойынша 2020 жылғы 1 қарашадан бастап ШҚО-ның сыртқы шекараларында блок-бекеттерді енгізе отырып, шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өмірінің жағдайларына шектеу шаралары енгізіледі.

Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалда өңір басшылығы Өскемен қаласы мен облыс халқының қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚКО-лар жұмыс істейді. Біз бизнесті енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан барынша қорғауға тырысамыз.

Жаңа қаулы жақын арада жарияланады", деді Талғат Тұңғышбаев.

 

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Ұқсас жаңалықтар