Қазақстан • 28 Қазан, 2020

Медициналық авиация мамандары 3185 пациентке көмек көрсетті

2 рет көрсетілді

9 айда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы медициналық авиация желісі бойынша 1647 ұшу орындады. Қызмет жұмысының барлық кезеңінде 17476 ұшу орындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Медициналық авиация күштерін тарту пациенттің орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты оны көрсету мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасының шалғай елді-мекендерінде тұратын халыққа уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажет. Басқаша айтқанда, шұғыл жағдайлар туындаған жағдайда, медициналық авиация орналасқан жеріне және бағыттың қиындығына қарамастан, оған мұқтаж әрбір адамға әуе көлігін пайдалана отырып, барынша жылдам және сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан қыркүйек айына дейін медициналық авиация мамандары 3185 пациентке медициналық көмек көрсетті, 3684 медициналық қызмет, оның ішінде: 1896 пациент тасымалданды (51,5 %), 188 консультация (5,1 %) мен 128 операция (3,5 %) және 1472 телемедициналық консультация (40 %) көрсетілді.Осы кезеңде медициналық авиация қызметі донорлық органдарды тасымалдау мақсатында 2 ұшуды жүзеге асырды.

Медициналық авиация нысанында шұғыл медициналық көмек көрсету үшін негізгі себептер: балалар жасындағы патология (25,6 %), жарақаттар, жазатайым оқиғалар және уланулар (14,5 %), акушерлік-гинекологиялық патология (14,4 %), қан айналымы жүйесінің аурулары (11,1 %), жаңа туған нәрестелер патологиясы (8,9 %) және басқа да аурулар (25,5%) болып табылады.

Медициналық авиация күштерін тарту тек республика шегінде ғана жүзеге асырылмайды, сондай-ақ Ұлттықшұғыл медицинаны үйлестіру орталығы шетелде қиын халде жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын немесе қандастарды халықаралық тасымалдауды ұйымдастырады. 2020 жылғы 9 айда шетелдік клиникалардан ҚР медициналық авиациясымен отандық медициналық ұйымдарда емдеуді жалғастыру үшін ҚР азаматтарын тасымалдау үшін 8 ұшу орындалды. 2011 жылдан бастап ағымдағы жылдың 9 айы аралығындағы кезеңде медициналық авиация ҚР азаматтарын Таяу және алыс шетелдерден (Тайланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және т.б.) тасымалдау үшін 80 ұшуды орындады.

Медициналық авиация күшімен көмек көрсетілетін пациенттердің басым бөлігі – бұл ауыр жарақаттары бар, оның ішінде жол-көлік оқиғалары нәтижесінде алынған пациенттер, балалар мен жаңа туған нәрестелер, жүкті әйелдер және жүрек-қан тамырлары патологиясы бар пациенттер. Осындай жағдайларда тиісті медициналық ұйымға жедел және қауіпсіз тасымалдау пациенттің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін аса маңызды талап болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Бүгін, 16:30

Еңбек адамдары марапатталды

Аймақтар • Бүгін, 16:05

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Бүгін, 09:12

SpaceX тағы 60 спутник ұшырды

Әлем • Бүгін, 08:51

«Спартактан» басым түсті

Хоккей • Бүгін, 08:42

Даланы тербеткен сырлы саз

Руханият • Бүгін, 08:38

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:25

Есіл бойына ел қондырған

Таным • Бүгін, 08:21

Елбасы және Түркістан

Оқиға • Бүгін, 08:19

Мерекені мазмұнды өткізеді

Оқиға • Бүгін, 08:18

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Бүгін, 08:15

Кемеңгер келбеті

Руханият • Бүгін, 08:08

Жұмыс ашық ұйымдастырылады

Саясат • Бүгін, 08:04

Шабыт шалқытар шаңырақ

Театр • Бүгін, 08:00

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:47

Нұр-аға

Руханият • Бүгін, 07:35

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Бүгін, 07:30

Алтайға ат басын бұрған сәт

Таным • Бүгін, 07:29

Ұқсас жаңалықтар