Қоғам • 28 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда жүргізуші куәлігін заңсыз алғандардың ісі тергелуде

1372 рет көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті тарапынан автомектепті аяқтағаны жөнінде жалған құжат бергендер ісі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Аталған департамент басшысы Шыңғыс Қабдуланың айтуынша, қалалық мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепті аяқтағаны жөнінде жалған куәлік беруді ұйымдастырған күдіктілер тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Тергеу амалдары барысында мектепті аяқтағаны туралы қолтаңба мен мөр басылған куәліктердің бланкілері анықталды. Осы іске байланысты күдіктілер ұсталды. Қылмыстық қудалау шараларымен жүргізуші куәлігін заңсыз алғандар қамтылып отыр. Біз осы адамдарды анықтаумен айналысудамыз. Бізде 3 мыңнан астам осындай заңсыз куәлік берілген", деді Шыңғыс Қабдула Astana Adaldyq Alańy-ның әлеуметтік желідегі парақшасында өткен брифингіде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 9 айда департамент тарапынан 177 сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Ұқсас жаңалықтар