Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Шымкентте заңсыз алкоголь шығаратын жасырын цех анықталды

150 рет көрсетілді

Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған алкоголь өнімдерін дайындаумен айналысатын жасырын цехтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Тексеру барысында көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған 18 түрлі алкоголь өнімдерінің 6671 бөтелкесі, 15 тонна спирт, 67 есепке алу-бақылау маркасы, сұйықтықтарды араластыратынсорғы, алкоголь өнімдеріне арналған 146 бос қорап және 750 бос бөтелке, 500-ден астам қақпақша және 40 625 теңге ақша қаражаты анықталып, тәркіленген. Дайындалған алкоголь өнімдерінің әрі қарай Шымкент қаласының азық-түлік дүкендеріне өткізілетіндігі анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 233-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды (көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдану және өткізу). Қазіргі уақытта, қылмыстық іс шеңберінде осы іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды, тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар