Саясат • 27 Қазан, 2020

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарына дауыс берушілердің саны белгілі болды

19 рет көрсетілді

Алдағы Мәжіліс сайлауында дауыс берушілер тізіміне кіргізілген азаматтардың саны 11 820 318 адамды құрады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдейді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Орталық сайлау комиссиясы алдағы науқанның кезекті сипатын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен бірге 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша сайлаушылардың тізілімін өзектендірді. Аталған жұмыс 1 қазандағы жағдайға сәйкес сайлаушылар тізіліміне 11 820 318 адамды тіркеуге мүмкіндік берді. Ертеректе, дерекөзі әртүрлі болған кезде кейбір азаматтар екі түзілімде немесе бірде-бірінде болмай шыққан. Қазір бұл тәжірибе жойылды деп санаймыз", деді ол ОСК төрағасының орынбасары.

Константин Петровтың айтуынша, сайлаушылардың тізілімін қалыптастыру сайлау процесіннің маңызды ұйымдастырушылық элементтерінің бірі саналады.

"Сайлаушылардың тізілімі негізінде азаматтар өздерінің ел Парламенті Мәжілісі және мәлихаттар депутаттарын сайлауға арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асырады. Осыған орай сайлаушылардың барынша толыққанды әрі нақты тізілімін түзу жеке жергілікті атқарушы органдардың ғана емес әкімдіктердің, аумақтық сайлау комиссияларының және әрбір сайлаушының бірлескен жауапкершілігі ретінде қарастырған жөн", деді Константин Петров.

Соңғы жаңалықтар

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Кеше

Ұқсас жаңалықтар