Қаржы • 22 Қазан, 2020

Wildberries интернет-дүкені ақшалай қаражатты өтейді

16 рет көрсетілді

Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Wildberries интернет-дүкенінің басшылығымен бірлесе отырып, қазақстандық тұтынушыларына осы дүкеннің клиенттеріне қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізуде.

Қыркүйек айының екінші жартысынан бастап бүгінге дейін интернет-дүкенге қатысты сомасы 3,9 млн теңгені құрайтын барлығы 90-нан астам азаматтың шағымы келіп түсті.

Комитет қабылдаған шаралардың (келіс­сөздер, ресми хат алмасу) нәтиже­сінде сомасы 3,2 млн теңгені құрайтын 66 тұтынушыға қаражат қайтарылды. Тұтыну­шылардың құқықтарын қорғау коми­тетіне жүгінген басқа тұтыну­шы­ларға қаражат 2020 жылдың қазан айы­ның соңына дейін қайтарылатын болады.

Wildberries интернет-дүкенінің ақпара­ты бойынша, қаражатты қайтару­ды рәсімдеген кезде ақша сол күні аударылады, содан кейін банк қаражатты тұтынушыға аударады. Ағымдағы ақша аударымының кешігуі Wildberries шотына қызмет көрсететін банктің техникалық мәселесіне байланысты болып отыр.

Wildberries интернет-дүкенінен қара­жатты қайтаруды күтіп жүрген қазақ­стан­дық тұтынушылардың жалпы саны белгісіз. Осыған байланысты аталған компания қаражатты қайтармаған жағдайда Тұтыну­шылардың құқықтарын қорғау коми­­тетіне немесе тұтынушылардың құ­қық­­тарын қорғау жөніндегі өңірлік де­пар­­та­ментке жүгінуді, сондай-ақ ша­ғым­ды онлайн түрде: @kzpp_bot теле­грам-бот немесе электрондық үкімет порталы арқылы беруді сұрайды.

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Экскурсия сабағына қатысты

Қоғам • Бүгін, 08:00

Ұлылар үндестігі

Оқиға • Бүгін, 07:56

«Киік» акциясы басталды

Экология • Бүгін, 07:52

Ұқсас жаңалықтар