Өнер • 29 Қыркүйек, 2020

«Астана Опера» қайта жанданды

17 рет көрсетілді

«Астана Операның» сегізінші маусымы өзгеше форматта – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 50 адам келу мүмкіндігімен бас­талды. Осыған және еліміздегі өзге де жағдайларға байланысты басшылық аудитория ауқымын кеңейту әрі жақсарту мақсатымен театрдың имидждік саясатын жаңғыртуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.

Осы бағыттағы алғашқы қа­­дам театрдың жаңа сайтын, мобильді қосымша мен театр бойынша виртуалды турды іске қосудан басталды. Бұл жөнінде театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров:

– Заманауи технологиялар қарқынды даму үстінде. Оның маңызын, әсіресе еліміздегі карантин тәртібі тіпті арттырып жіберді. Осыған орай біз де көрермендеріміздің қалауын ескеріп, онлайн-режімде билет сатып алу ерекшелігін пысықтадық. Сайтымыздың дизайнын жеңіл әрі пайдалануға ыңғайлы етіп жасауға тырыстық. Алдымызда елдегі ғана емес, шетелде де бағыт-бағдар бе­ретін жоғары деңгейдегі театрды көрсету, сондай-ақ кө­рер­мендермен қатынасты же­ңілдету міндеттері тұрды. Со­нымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық алдына маңызды міндет қойғанын атап өткен жөн – ол цифрландыру саласындағы жұмысты жалғастыру. Президенттің айтуынша, цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. «Астана Опера» бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуде, – деп аталған жобаның маңызын атап өтті.

Жаңа маусымда, сондай-ақ театрдың мобильді қосымшасы іске қосылғанын айта кеткен жөн. Енді көрермендердің атал­ған қосымшаны жүктеп алып, спек­такльдерге билетті жылдам таңдауы мен сатып алуына, эксклюзивті контентке қол жеткізуіне және премьералар мен сүйікті әртістерінің өнер көрсетулері туралы бірінші болып білулеріне мүмкіндіктері бар.

Технологияның басты сер­пілісі – City360.kz жобасы ар­қылы Astana Business Campus бағ­дарламасы аясында Назарбаев Университетінің қолдауымен жүзеге асырылған VR-тур виртуалды өмірдің жаңа сайтын енгізу болды. Енді «Астана Операның» көрермендері әлем театрларының ішінде алғашқылардың бірі болып сайтқа кіруге, билет сатып алғанға дейін көрермен залынан орын таңдауға және нақты сол орыннан сахнадағы қойылымды көру қалай болатындығын біле алады. Бұл – қалауы бар кез келген адамға театр ішінде «серуендеуіне», театрдың әдемі интерьерінен ләззат алып, музейдегі экспонат­тарды зерделеуіне, сонымен қа­тар театрдың фото және бейне­материал­дарын тамашалауына мүмкіндік береді.

 

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар