Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы байқау өтеді

51 рет көрсетілді

Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «ОТАН АНА» ІІІ Республикалық жас орындаушылардың байқауы өтеді.

Ұйымдастырушылар шараның мақсаты – қазақ өнерінің дамуына сүбелі  үлес қосқан әншінің шығармашылық мұрасын насихаттау, жас таланттарды қанаттандыру, музыкалық талғамға тәрбиелеу және жанды дауыстағы оркестрмен жұмыс істеу шеберлігін дамыту екенін айтады.

Биылғы байқаудың басты ерекшелігі - финалистер баттл арқылы іріктеледі. Оған 18 бен 30 жас аралығындағы вокалистер қатыса алады. Ән додасының финалы Шүкеновтің туған жері Қызылордада мамырдың 16-сы мен 18-і аралығында өтеді деп күтілуде.

«Бауқаудың «ОТАН АНА»  деп аталуының өзіндік себебі бар. Себебі Батырхан ағамыздың ең басты әні деп осы әнді айтамыз.  Бұл шығарма әншінің карьерасындағы, өнеріндегі бір үлкен белес деп ойлаймын», - дейді GAKKU музыкалық телеарнасының бас продюсері, қазылар алқасының мүшесі Тимур Балымбетов.

Соңғы жаңалықтар

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Туын қайдан сатып алуға болады?

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2020

Ұқсас жаңалықтар