Аймақтар • 04 Қараша, 2019

Нұрлан Ноғаев: «Атырау-Астрахань» жолының құрылысы 2022 жылы толықтай аяқталады

77 рет көрсетілді

2022 жылы пайдалануға берілетін «Атырау-Астрахань» жолының құрылысының сапасы берік, қарқыны жақсы. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты.

«Ресей Федерациясы шекарасы - Атырау» жолын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар жоспарға сай жүзеге асып жатыр. Жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын жолдың бүгінгі таңда, 60 шақырым бөлігіне жөндеу жұмыстары басталды. Жобалық-сметалық құжаттамаға сай құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталуы тиіс. Бірақ, құрылыс қарқыны жақсы болғандықтан, құрылысшылар ерте бітіруі де мүмкін, - деді аймақ басшысы.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан екі бағыттағы жолдың бірі. Толықтай пайдалануға 2022 жылы беріледі деп жоспарланып отыр. Екінші бағыт – Атырау-Ақтөбе жолы, оның 27 шақырымы төселді, 88 шақырымы салынып жатыр, қалған 40 шақырымында дайындық жұмыстары жүруде.

Сонымен қатар, аймақта көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша  жол-құрылыс жұмыстары жүзеге асуда. Жалпы ұзындығы - 165 км болатын 216 көше, 32 елді мекенде жол салу жоспарланған. Облыс орталығында 4 басты көше кеңейтіледі, кеңейту жобасы:  жол төсемін көбейту, жаңа LED жарықтандыру орнату, жаяу жүргіншілер жолын, вело-жол салу жұмыстарын қамтиды. Келер жылы облыс орталығында  7 көшені кеңейту жоспарланған. 45 км жаңа жол салынады.

Бүгінде Атырауда және қала маңындағы елді мекендердегі сапалы жол үлесі  –  85 %.

Соңғы жаңалықтар

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Елбасы дәрісханасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:22

Дәуірден озған дара тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:20

Сақтансаң, сау боласың

Қоғам • Бүгін, 06:54

Жазудың түбін қазу

Қоғам • Бүгін, 06:50

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар