Аймақтар • 31 Қазан, 2019

Атырау облысында өрт оқиғасы азайды

54 рет көрсетілді

Атырау облысында биыл 195 өрт тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Нақты іс-шаралардың нәтижесінде өрт саны едәуір азайып отыр.  2018 жылы 243 өрт оқиғасы болса, биыл 195 өрт оқиғасы тіркелген. Соның ішінде 53 адам құтқарылып, 390  адам қауіпсіз жерге көшірілді.   №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы Ерлан Рақмашовтың айтуынша, бұл тұрғындардың арасында жиі жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесі.

- Облыс аумағында 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бар. Барлығы да соңғы үлгідегі өрт сөндіру техникаларымен жабдықталған. Қазіргі таңда өрт сөндіру бойынша техникалардың бәрі сақадай сай дайын. Сонымен қатар көпшілік адам көп жиналатын жерлерде, яғни, сауда орындарда,базарларда жеке құраммен өрт тактикалық жаттығуларымыз  күнделікті өтіп тұрады,- дейді Ерлан Рақмашов.

Айта кетейік, Атырау облысы бойынша бүгінде өрт сөндіру бөлімдерінде 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар