Спорт • 11 Қыркүйек, 2019

Боксшыларымыз әлем чемпионатын сәтті бастады

51 рет көрсетілді

Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстанның ұлттық құрамасы жарқын жеңіспен бастады.

Біздің жігіттер арасынан алғашқы болып рингке 81 кило салмақ дәрежесіндегі Бекзат Нұрдәулетов көтерілді. Ол Оңтүстік Кореяның өкілі Хонг Ингпен күш сынасты. Бәсеке басталған бетте қарсыласы екіпнідеп шабуылдағанымен, көп ұзамай қандасымыз оны сабасына түсірді. Екінші раунд Бекзаттың айқын басымдығымен өтсе, үшінші раунда кореялықты нокдаунға түсті. Осылайша, төрешілердің барлығы да қазақ боксшысының мықтылығын мойындады.

Бүгін 63 килодағы Закир Сафиуллин әзербайжандық Бахтияр Газибековпен күш сынасады. 14 қыркүйекте Сәкен Бибосынов (52 кг) пен Тұрсынбай Құлахмет (75 кг) шаршы алаңға көтеріледі. Бибосынов моңғолиялық Харху Энхимандахпен, Құлахмет Милос Бартл (Чехия) немесе Ми­хаил Остроумовпен (Израиль) кездеседі. 15 қыркүйекте Қайрат Ералиев (57 кг) алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ол Шарафа Раман (Германия) немесе Йоэль Сегундо Финоль Риваспен (Венесуэла) қолғап түйістіреді. Сондай-ақ дәл сол күні Василий Левит (91 кг) словакиялық Дэвид Мишалекпен сайысқа түсерлееді. 16 қыркүйекте Абылайхан Жүсіпов (69 кг) Вуттичай Масук (Таиланд) \ Долголевец Евгений (Беларусь), ал Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг) Гадфа Дрисси (Испания) \ Белберов Петар Руменов (Бол­гария) жұптарының жеңімпаздарымен жұдырықтасады.

Соңғы жаңалықтар

«Тақиялы періште» өмірден озды

Қазақстан • Бүгін, 10:20

«Астана» радиосына – 22 жыл

Елорда • Бүгін, 10:05

Эпидемиялық ахуал күрделеніп барады

Коронавирус • Бүгін, 08:48

Қайтқан салықта қайыр бар

Экономика • Бүгін, 08:37

Күрделі кезеңде күш алған сала

Экономика • Бүгін, 08:36

Сұңғылалық сыры

Қоғам • Бүгін, 08:31

Бостандық ауылындағы бокс залы

Аймақтар • Бүгін, 08:29

Пандемиядан сабақ алған

Туризм • Бүгін, 08:22

«Толық адам» кім өзі?

Руханият • Бүгін, 08:12

Деректі шежіре

Руханият • Бүгін, 08:10

Басты бағдар

Пікір • Бүгін, 08:01

«Курскіде» қызмет еткен капитан

Руханият • Бүгін, 07:47

Алаш һәм Жапон

Таным • Бүгін, 07:40

«Амурды» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 07:38

Алыс та жақын мектеп...

Аймақтар • Бүгін, 07:35

Сахна саңлақтарынан сабақ алады

Аймақтар • Бүгін, 07:33

Ауылдағы «мұзтау»

Ауыл • Бүгін, 07:31

Қажымұқан жасаған қондырғы

Оқиға • Бүгін, 07:29

Барлық салада өсім бар

Экономика • Бүгін, 07:26

Мүсіншілердің мұң-мұқтажы

Руханият • Бүгін, 07:13

Ұқсас жаңалықтар