Тағайындау • 20 Тамыз, 2019

Мәжіліс Премьер-Министр орынбасарының кандидатурасымен келісті

27 рет көрсетілді

Бүгін Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің Орынбасары лауазымына тағайындау үшін Бердібек Сапарбаевтың кандидатурасына келісім берді.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Кандидатураны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев ұсынып, Б. Сапарбаевтың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктігін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша 
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары лауазымына Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты тағайындау үшін ұсынылды.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Сақтансаң, сау боласың

Қоғам • Бүгін, 06:54

Жазудың түбін қазу

Қоғам • Бүгін, 06:50

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар