Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2020

Шекарадан заңсыз тауар асырмақ болған екі автокөлік ұсталды

6 рет көрсетілді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысындағы департаментінің баспасөз хатшысы Манарбек Карекеновтің мәліметінше, шекарашылар соңғы аптаның ішінде екі ірі көлемдегі контрабандалық тауарлардың жолын кескен, - деп жазады Egemen.kz 

24 қарашада Қарабалық ауданындағы «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде ресейлік кәсіпорын «АВТО-ТЕК» жауапкершілігі шектеулі бірлестігіне тиесілі жүк көлігі ұсталған. Шекарашылар көліктен пошта жүктерінің астына жасырылған обаға қарсы киетін 600 қорғаныш костюмін тапқан. Заңсыз тауардың жалпы құны - 7 750 000 теңге болады.

Сонымен қатар, шекарашылар 29 қараша күні Қостанай облысындағы «Әйет» өткізу пунктінде Алматыдан Челябіге жүк алып бара жатқан «ГАЗель» маркалы автокөлікті тексереді. Нәтижесінде аталмыш автокөліктің 91 түрлі дәрі-дәрмек салынған қорапты,  2640 қорғаныш маскасын, сондай-ақ 1700 медициналық қолғапты заңсыз шекараның арғы бетіне алып өтпек болғаны анықталған. Контрабандалық тауардың жалпы салмағы 1 тонна шамасында.

Заңсыз тауарлар жабдықтар салынған жәшіктердің артына жасырылған. Тәркіленген тауарлардың жалпы құны шамамен ‪45 000 000 теңге болады.

 

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар