Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Бейсауат жүріске шектеу қойылды

15 рет көрсетілді

Жұқпалы індетпен күресу шарасы Жетісу өлкесінде де күн тәрті­бінен түскен жоқ. Пандемияның екінші толқынына дайын­дық жоғарғы деңгейде жүріп жатыр. Қазір облыстың бас санитар дәрігерінің шешімімен өңірде бірқатар шектеулер қойыл­ды.

Мәселен, Талдықорған қала­сында қо­ғам­дық көлік қаты­насы арнайы кесте бойын­ша жүре бастады. Сондай-ақ адам көп шо­ғыр­ла­на­тын сау­да-саттық, мәдени меке­ме­лер мен спорт нысандарының қыз­ме­­тіне де шектеулер енгізілді. Меке­ме­лер­де­гі қызметкерлер санын мей­лінше азайту мақ­са­тында қа­шықтан жұмыс істеу режімі қай­та қол­данылуда.

Жалпы, Алматы облысында жеке қорғану құралдарының 3 айлық қоры, дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар екен. Ал пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13 млрд теңге қарас­ты­рылған болса, оның 8,1 млрд теңгесі екінші толқынға дайын­дық үшін бөлінген.

– Облыстың денсаулық сақтау мекемелерінде жеке қорғану құралдарының 3 айлық қоры, атап айтқанда 6,2 млн бетперде, 2,5 млн дана қолғап, 74,6 мың бір рет қолданылатын қорғаныш кос­тюм­­дерінің жиынтығы бар. Ал дәрілік заттардың 2 ай­лық қоры қалыптастырылған, нақтылап айтсақ, стационарларда 1,4 млрд теңгеге 204 түрлі дәрі, амбулаторияларда 101 млн теңгеге 5 түрлі дәрі қоры бар, – дейді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

Сондай-ақ тұрақтандыру қо­рына қосымша 800 млн теңге бө­лі­ніп, жалпы қаржы кө­лемі 1,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 500 млн теңгеге дәрі­лік заттардың 30 түрін сатып алу­ға «INKAR» ЖШС бі­р­ыңғай дистрибьютерімен ке­­лі­сім­шарт жасалған. Мұнан бөлек, «СҚ Фармация» арқылы дәріханалар үшін 33 түрлі дәріге 63 млн теңгелік өтінім берілген, қосымша 1 млн дана бетперде сатып алынды. Осы ретте халықтың әлеуметтік осал топтары да назардан тыс қалмайды. Мұқтаж адамдар үшін жергілікті бюджет есебінен 92 млн теңгеге вирусқа қарсы препараттардың 4 түрі сатып алынған екен.

Айтпақшы, Алматы облысы жеке қорғану құралдары өн­ді­рісін жолға қойған бірегей өңір. Аймақтағы «Долче», «СП «Абди Ибрахим Глобал Фарм», «Келун-Казфарм» компания­лары отандық нарыққа дәрі-дәр­мек қана емес, медициналық пре­параттар да шығарып жатыр. Жыл басынан бері медициналық маска тігуге 5 тігін кәсіпорны бейімделді. Бір ғана Талдықорған қаласында маска тігетін үш қа­бат­ты цех жұмыс істейді.

Жалпы, өңір­дегі өндірістер тәулігіне бар­лығы 250 мың данадан астам бет­перде шығарады. Ал облыс дәріханаларында сатылатын мас­ка­ның бөлшек саудадағы орташа бағасы 40 теңге шамасында.

 

Алматы облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Эстафета Душанбеге жолданды

Руханият • Бүгін, 07:49

Желаяқ Джонсон

Жеңіл атлетика • Бүгін, 07:35

«Қауіпті сынап» акциясы өтті

Аймақтар • Бүгін, 07:18

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 07:10

Өңірлік форумда бас қосты

Оқиға • Бүгін, 07:02

Байден формуласы

Әлем • Бүгін, 06:48

Жаяуға да жаза бар

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар