«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады.
Оқырман назарына ұсынылып отырған екі мақала да қазіргі таңда өзекті. Бүкіл әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус індетімен күрес әр елде түрлі бағытта жүріп жатқаны белгілі. Тұманды Альбиондағы беделді саналатын University College London университетінің профессорлары Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның «Айды ату операциясы» (Moonshot operation) деп аталатын бағдарламасын сынға алады. Мақала авторларының пайымдауынша, күнделікті тестілеу санын көп мөлшерде жүргізгенімен, нақты шаралар қабылданбаса, ондай қадам өзінің жемісін бермейді. Керісінше медицина қызметкерлерін шатастырады. Осы орайда, коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қазақстандық саясаткерлер де мақалада айтылған сындарды ескеріп, сабақ алады деп үміттенеміз.
Таяуда ғана, 7 қазанда жарық дүниемен қоштасқан ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Марио Молина бүкіл әлемге төніп тұрған қатер – жаһандық жылыну туралы ой қозғайды. Автордың пайымдауынша, Арктиканың еруі – жер-жаһанның дәл төбесінде тұрған бомба секілді. Солтүстік полюстегі әр мұздық еріген сайын бомбаның жарылатын уақыты жақындап келе жатқандай. Бұл мәселеге халықаралық қоғамдастық та бей-жай қарамайтыны түсінікті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебатында сөйлеген сөзінде климаттың жылынуына ерекше мән берген еді.
«Климаттың өзгеруі – өркениетімізге қатер төндіріп отырған тағы бір экзистенциалды дағдарыс. Бұл мәселе қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар басқа қатерлер үшін «қозғаушы күш» қызметін де атқарады. Адамзат баласы бұл жаһандық сын-қатерге төтеп беруге әлі де қауқарсыз», деген Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді климатты жақсартудың алты оң қадамы атты жоспары аясында күш біріктіруге шақырды. Ендеше, М.Молинаның мақаласы Мемлекет басшысы айтқан мәселемен үндесетіні сөзсіз.

САН-ДИЕГО – Калифорниядағы, Орегондағы, Вашингтондағы дес бермей күшейген өрттен, Мексика бұғазына таяу келіп, кейде қиратып кететін дауылдардан асқан климат өзгеруінің қиратқыш күшін елестету қиын. Сондай-ақ Үндістанда, Пәкістанда, Еуропада ми қайнатар ыстық болып, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы су тасқыны талайдың өмірін жалмады. Бірақ алда бұдан да сорақысы күтіп тұр. Оның кері әсері бүкіл адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін: Арктика теңізі мұзының тез еріп кетуі.
Алфред Хитчкоктың фильміндегідей, бұл климат «бомбасының» таймеріне уайыммен қарап отырғандар жетерлік. Уақыты келгенде ол жаһандық жылынуды екі еселеп жіберуі мүмкін. Әр қыркүйек сайын Арктика теңізінің мұзы ең төменгі деңгейге жетеді. Содан кейін қараңғылық түсіп, ауа температурасы салқындап, мұз қайта қалыңдайды. Осындай кезеңде ғалымдар оның деңгейін өткен жылмен салыстырып отырады.
Зерттеу нәтижесі бәрімізді алаңдатуы тиіс. Колорадо штатындағы Қар және мұз деректері ұлттық орталығының биылғы деректері көрсеткендей, Арктиканың дәл ортасында бұрын-соңды кездеспеген жұқа мұз қалды. Таяуда жарияланған зерттеуде Арктикадағы Беринг теңізіндегі қысқы мұз 2018 және 2019 жылдары 5500 жылдағы ең төменгі деңгейге түскен.
Бүкіл Арктикадағы мұз 15 қыркүйекте бұған дейінгі ең төменгі көрсеткішке жақындады. Деректер жыл сайын өзгеріп отырады, бірақ мұздың жылдан-жылға жұқарып бара жатқаны анық байқалады. Мәселен, 14 қыркүйекте кейінгі 14 жылда болмаған мәлімет тіркелді.
Оған қоса, теңіз мұзының көлемі ғана емес, оның қалыңдығы да жұқарып барады. Еруі өте баяу, қатқанына біраз болған теңіз мұзы (4 жыл бұрынғы мұз) бүкіл мұз қабатының 1 пайызын ғана құрайды. Қазір бір жылдық мұз басымдыққа ие. Осылайша, теңіздің ақ жабыны тез еруге бейім. Ғалымдар алдағы 10-20 жылдың көлемінде Арктика мұхитында жаздың аяғында мүлдем мұз қалмайды деп болжап отыр.
Мұның салдары өте ауыр болмақ. Ең қиын жағдайда, оншақты жылдан кейін күн шығып тұратын айларда бүкіл мұздың еріп кетуі жаһандық радиоактивті ысынуды күшейтіп, атмосфераға 1 трлн тонна көмірқышқыл газын бөледі. Салыстырып көру үшін, өнеркәсіптік революция басталғалы 270 жылдың ішінде ауаға 2,4 трлн көмірқышқыл газы бөлінді. 1949 және 2016 жылдар аралығындағы мұздың кемуі климаттың жылынуына Арктиканың қосқан үлесін 30 пайызға ұлғайтты. Мұз жоғалғаннан кейін жылыну да қарқын алады.
Мұндай қиын сценарий жүзеге асса, алдағы 25 жылда климат өзгеріп, зардабы ауыр болады. Өткен айда ғана жазғы ауа райы күрт ысыған кезде Манхэттеннің көлемінен екі есе үлкен мұз кесегі Арктикадағы соңғы қалған ең үлкен мұз жабыны – Солтүстік-шығыс Гренландиядан бөлініп қалды.
Оған қоса, Гренландия мұз жабынының жағдайы да мәз емес. Арктикадағы жылыну жаһандық жылынудың орташа есебімен салыстырғанда екі есе тез жүріп жатыр. Кейінгі жиырма жылда Гренландиядағы мұздың еру деңгейі үш есе өскен. Алдағы он жылда бұл үрдіс жалғаса бермек. Осылайша, мұндай еру теңіз деңгейін 7 метрге дейін көтеріп, жағалаулардағы қалаларды су астына қалдырады. Дегенмен, алдағы жүз жылда мұндай сценарий бола қоймас.
Арктикадағы жылыну мәселесі мәңгілік мұздардың еруі салдарынан күрделене түседі. Қазіргі таңда онда атмосферадағы көмірқышқыл газынан екі есе көп мөлшерде жатқандықтан, оның аз бөлігі еруінің өзі үлкен зардап әкеледі. Сондай-ақ мәңгілік ақ жабындардың еруі бұдан басқа да қауіпті парниктік газдарды – азот оксиді мен метанды ауаға таратады. Жаһандық ауа райы көтерілген сайын Шығыс Сібір Арктикалық жабынынан одан да көп метан бөліне бермек.
Мұндай қатерлі, тіпті өте зардапты қауіпке жол бермес үшін шұғыл шешім қабылдау керек екені анық. CO2 шығарылымын күрт азайту қажет, бірақ бұл да жеткіліксіз болуы мүмкін. Негізі, зерттеулерге сүйенсек, көмірқышқыл газын күрт азайтудың өзі 2050 жылдарға таман CO2-дан туған жылынуды небәрі 0,1-0,3 градусқа ғана төмендетеді.
Сондықтан климатты қысқа мерзімді ластаушы деп аталатын метанның, қара көміртектің, гидрофторкөміртектердің (HFC) және тропосфералық озонның шығарылымын азайту өте маңызды. Мұндай іс-қимыл 2050 жылға қарай жылынуды СО2 деңгейінің төмендеуінен алты есе көбірек төмендетуі мүмкін. Жалпы, осындай өте ластаушы заттардың шығарылымын жою жалпы ғаламдық жылыну жылдамдығын екі есеге, Арктиканың болжамды жылынуын үштен екіге азайтады.
Атқарылып жатқан шаруалар да бар. Төрт жыл бұрын, Руандада 197 мемлекет гидрофлорокарбонды жою туралы Монреаль протоколына енгізілген түзетулерді мақұлдады. (Қазірдің өзінде Монреаль протоколы жаһандық жылынуға әкеліп, озон қабатына қауіп төндіретін 100-ге жуық химикаттың қолдануына тыйым салған).
Оған қоса, АҚШ Сенаты өткен айда 2036 жылға дейін гидрофлорокарбондарды өндіру мен импорттауды 85 пайызға азайту жөнінде ортақ мәмілеге келді. Калифорния өз кезегінде 1960 жылдардан бері қара көміртегі газын бөлуді 90 пайызға азайтты. Ал 2030 жылға дейін тағы да екі есеге төмендетпек. АҚШ климат альянсы – 25 штаттың губернаторынан құралған екі партияның өкілдері бар топ 2030 жылға қарай метанды ауаға бөлу көрсеткішін 40-50 пайызға азайтуды жоспарлап отыр.
Мұның бәрі мақтауға лайық әрекет. Алайда оған қол жеткізу үшін парниктік газды азайтуға қарсы АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінен бастап жоғары деңгейлі кедергілерге мойымау керек. Ал жаһандық температураны төмендету одан да үлкен қажыр-қайратты талап етеді.
Тіпті келер айдағы сайлауда Трамп жеңілген күннің өзінде жаңа әкімшілік CO2 мен қысқа мерзімді ауа ластаушыларды азайтуға үлкен күш салмаса, Арктика мен бүкіл жер шарына төнген қауіптің бұлты сейілмейді. Шартараптың түкпір-түкпіріндегі адамдар қатерлі өрттерден, тасқындардан, дауылдардан және басқа да апат салдарынан үйлері мен тұрмысқа қажетті заттарынан айрылып жатыр. Ғалымдардың келешекте Арктика мұхитындағы мұз жазда түгел еріп кетеді деген болжамына сүйенсек, нағыз жұт әлі алда.
Марио МОЛИНА,
Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1995 жыл) Калифорния,
Сан-Диего, Мексика ұлттық автономиялық университетінің профессоры. (Ол таяуда ғана, 7 қазанда өмірден өтті)
Дурвуд ЗАЕЛКЕ,
Басқару және тұрақты даму институтының президенті
Copyright: Project Syndicate, 2020.
www.project-syndicate.org
Францияда бір тәулікте 16 мың адамнан коронавирус анықталды
Әлем • Бүгін, 17:11
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Бүгін, 16:42
G7 саммиті маусым айында өтеді
Әлем • Бүгін, 15:34
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Интернет-алаяқтық жасаған 97 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:20
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Бүгін, 12:05
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 11:45
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 09:53
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Бүгін, 09:44
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар