Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Түркістан облысында су тасқыны қаупі жоқ

176 рет көрсетілді

Түркістан облысы аумағында су қоймаларындағы жағдай қалыпты, тұрақты бақылауда, тұрғындарға келер қауіп жоқ, деді Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов.

Облыста болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шаралары дер кезінде және сапалы орындалуда. Су қоймалары мен өзендерге күнделікті мониторинг жүргізілуде. «Бүгінгі күнге Шардара су қоймасында - 4185 млн м3 су бар, толуы - 80%, шығып жатқан су көлемі - 400,5 м3/сек. Ал, Көксарай су реттегішінде жиналған су қоры - 1061,88 млн м3 толуы 35%-ды құрап отыр», - деді Нұрғали Сырлыбайұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

1

Өңірде орналасқан  40 су қоймасының 18-і республикалық, 17-сі қала, аудандық коммуналдық меншікте болса, 5-уі жекеменшік иелігінде. Яғни қараусыз қалған су қоймалары жоқ. «Облыс аумағында су тасқыны жағдайы Сырдария бассейіндік өзенімен тікелей байланысты болғандықтан қатаң бақылауға алынған. Сырдария өзенінің төменгі ағысына 66 м3/сек су жіберілуде. Жалпы облыс бойынша су қоймаларының орташа толуы 45-50%-ды құрайды. Бүгінгі таңда өзеннің арнасында судың ағысы қалыпты, жағалаудағы елді мекендерге қауіп жоқ», деді департамент бастығы.

Сырдария өзенінен бастау алатын каналдардың бас тоспасы бекітілген. Қапталған 53 тонна құм, 584 - шатыр, 4622 - керует, 36 мың адамға арналған төсек - орын дайындалған. Сондай-ақ облыс аумағындағы 26,9 шақырым өзендерде жаға бекіту және арна түзеу жұмыстары жүргізілсе, 29,9 шақырым қорғаныс дамбасы тұрғызылыпты. Арық-атыздардың арнасы, каналдар да тазартылған.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар