Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

Саябаққа кітап пішінді «сөйлейтін» орындық қойылады

15 рет көрсетілді

Алматының Бостандық ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында  кітап пішінді «сөйлейтін» орындық жобасына таңдау жасалды.  

Кітап пішінінде жасалған орындық аудиожүйелермен қамтамасыз етіліп, онда танымал  тарихи тұлғалардың өмірдерегі, әндері мен өлеңдері жазылатын болады.  Саябаққа келіп, демалушылар орындыққа жайғасқан сәтте аудиожазба іске қосылады, делінген inalmaty.kz мәліметінде. Тұңғыш Президент саябағында орналастыруды қарастырып отырған аудан әкімдігі жобаның іске асуын сәуір, мамыр айларына жоспарлап отыр. Қала шуынан тысқары, тыныш маңға қойылатын «сөйлейтін» орындық саябақ сәнін келтіріп қана қоймай, ұлттық мәдени мұраны насихаттауға ықпал етеді.

Жобаның құны  шамамен 1 млн теңге. Автор өз жобасына Түркияның орындық-кітапшасын үлгі етіп алған. Мұндай орындықтар Түркияның бірнеше қаласында, сондай-ақ Ұлыбритания мен Ресейдің Тула қаласында да  орналасқан.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • Бүгін, 20:36

Ұқсас жаңалықтар