Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Жас суретшілер көрмесі Абайға арналды

26 рет көрсетілді

Алматыда Абай Құнанбайұлының  175 жылдығына орай бейнелеу өнері көркем туындыларының көрмесі ашылды. «Білгенге маржан» деп аталған көрмеде жас суретшілердің таңдаулы туындылары қойылған.

Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетте шымылдығын түрген шараның ұйымдастырушысы – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы. Ұлт руханиятының айнасы саналатын ұлы ақынға арналған көрменің мақсаты – рухани тұрғыдан дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру дейді шараны ұйымдастырушылар.

«Көрмеге қатысқан барша қылқалам шеберлеріне шығармашылық шабыт, толайым табыстар тілеймін. Биыл еліміздің аймақтарында Абай рухын аспандатқан шаралар көптеп өтеді. Соның барлығы игі-жақсылықтың бастауы болғай. Абай мұрасы ұрпақтың ажырамас темірқазығы» дейді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының проректоры  Сәкен Майғазиев.

Соңғы жаңалықтар

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Туын қайдан сатып алуға болады?

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2020

Ұқсас жаңалықтар