Президент • 18 Ақпан, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады

92 рет көрсетілді

Мемлекет басшысына «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының 2019 жылғы қортындылары жайында баяндалып, Smart sity тұжырымдамасының орындалу барысы, «Смарт Ақкөл» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар Қуанышбек Есекеев Қазақстан Президентіне «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «Kcell» және «Tele2» компанияларының акцияларын сатып алғаны, олардың жұмысын интеграциялау шаралары, мобильді қызмет жобасының жүзеге асырылуы жөнінде де мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қуанышбек Есекеевке елді мекендерді толықтай мобильді байланыспен қамтамасыз етіп, ауылдардағы мектептер мен медициналық пункттерге интернет желісін жеткізуді, сондай-ақ, олардың бағасын қымбаттатпауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар