Аймақтар • 15 Ақпан, 2020

Атырауда бес қабатты тұрғын үй өртке оранды

69 рет көрсетілді

Қазіргі таңда тілсіз жау сөндірілді. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мәлімет таратты.

«15 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 16:22-де «101» пультіне Махамбет көшесі №121 үйдегі бес қабатты үйдің өртенуі туралы ақпарат келіп түскен. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше үйдің шатырын түгелге жуық жалын шарпыған. Құтқарушылар 30 тұрғынды эвакуациялады» делінген ІІМ ТЖ комитетінің ресми хабарламасында.

Жергілікті уақытпен сағат 18:18-де 600 шаршы метр аумақты шарпыған өрт тоқтатылды. Ал 18:28-де толық сөндірілді.

«Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және облыстық ТЖ департаментінің 8 техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үй аумағын қоршауға алды. Тұрғын үйдің шатыры түгел жанып кетті»  делінген комитет хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар