Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

МӘМС қоры Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын іске қосты

1067 рет көрсетілді

Медициналық сақтандыру қорында іске қосылған Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқық бұзушылықтар жөнінде хабарлау мүмкіндігіне ие болды.

МӘМС қоры Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина бұл жобаның тұрғындар үшін аса пайдалы екеніне тоқталып, оның жұмыс істеу принциптеріне түсінік берді.

– Егер емделушіде медициналық сақтандыру жүйесі бойынша оның құқықтарына қатысты мәселелер туындаса, бірінші кезекте ол медициналық ұйымдардың пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне алады. Сұрақтарына жауап алмаған жағдайда, облыстық денсаулық сақтау басқармасының шұғыл желісіне 955-559 нөмірі бойынша хабарласа алады. Бұдан әрі медсақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына немесе Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасына жазылуға болады, – деп атап өтті ол.

Мысалы, өтінішті қалдыру үшін алдымен қосымшада тіркелу қажет. Шағымға фотосуретті қоса беруге болады. Тіркеуден кейін өтініштің қаралуы қай сатыда екенін қадағалау мүмкіндігі бар. Айта кету керек, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған нөмірге 40 мыңнан астам қоңырау келіп түскен.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 1406 бірыңғай байланыс орталығы да бұрыңғыдай тәулік бойы жұмыс істейді.

 

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Туын қайдан сатып алуға болады?

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2020

Ұқсас жаңалықтар