Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
956 материал табылды

Аймақтар • 19 Қараша, 2020

Ордабасылық өнім косметика саласында үлкен сұранысқа ие

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жаңа инновацияны қолдану арқылы 60 гектарға "BS-Agro Product" ЖШС суаруды қажет етпейтін "Сitrullus Lanatus" сұрыпты қарбыз көшетін отырғызып, 6,6 тонна өнім жинап алған. Дәл осы қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие. Серіктестік жиналған өнімді Израйль мемлекетіне экспорттауды жоспарлауда, деп хабарлайды Egemen.kz

Театр • 19 Қараша, 2020

Өзбек драма театры жаңа маусымын ашты

Шымкентте қалалық өзбек драма театры XVIII маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мәдениет ошағына биыл қалалық бюджеттен 129 807,0 мың теңге, оның ішінде 1974 жылы салынған ғимаратты ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 32 884,0 мың теңге бөлінген болатын.

Қоғам • 18 Қараша, 2020

14157 маман оқытудан өтті

Шымкентке соңғы бір айдан аса уақыт ішінде шетелден ұшып келген 75 қазақстандықтың екеуінен жұқпалы инфекция анықталып, госпи­тальға жатқызылған. Ал вирус анық­талған 7 баланың біреуі ауруды Сарыағаштағы шипажайда демалып келген әжесінен жұқтырған. Айта кетер­лігі, 7 балада да ауру симптомсыз болған.

Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Түркістан облысының 3371 тұрғыны коронавирустан жазылып шыққан

Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан 3371 науқастың 2377-де ауру симптомсыз өткен. Соңғы тәулікте облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған бес жағдай анықталды. Өсім 0,3%болды.

Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Түркістан облысынан Мәжіліске 7 үміткер ұсынылды

Түркістан облысында 2 миллионнан астам тұрғынның 80 мыңдайы Nur Otan партиясының мүшесі. Праймеризге қатысу көрсеткіші бойынша өңір алдыңғы қатарда. Партияның облыстық филиалының  кезектен тыс XL конференциясында Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер тізімі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Түркістанда депутаттар корпусы 70 пайызға жаңарады

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясында мәслихаттағы депутаттар корпусы 70 пайызға жаңаратыны айтылды. Конференцияда облыс әкімі, партияның облыстық филиал төрағасы Өмірзақ Шөкеев биылғы праймериздің саяси сананы жаңғыртудағы маңызды қадам болғанын атап өтті.

Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Жемістінің жемісі

Сарыағаш ауданындағы Жемісті ауылы тұрғындарының басым бөлігі көп жылдардан бері көшет өсірумен айналысып келеді. Сондықтан да болар ауыл округін «көшет шығаратын ауыл» деп те атайды. Қазір диқандар көп өнім беретін көшеттерді өндіруді қолға алып, қарқынды бау-бақшаға ден қойған.

Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Түркістанды дамытуда алдағы жыл – шешуші кезең

Түркістан облысы әкімінің «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» тақырыбындағы баспасөз конференциясы облыс орталығындағы Конгресс-холл ғимаратының арнайы алаңында өтті. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатының бірінші ерекшелігі де осы. Екіншіден облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Жолдауды іске асыру аясында атқарылған істер мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша баяндап, журналистердің сұрағына және жауапқа басымдық берді.

Руханият • 16 Қараша, 2020

Ұлттық жаңғыру бойынша жол картасы әзірленуде

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі бағыттарды жүзеге асыруда Түркістан облысының маңызы ерекше. Алдағы уақытта бұл бағдарлама негізгі 4 бағытта жүзеге асырылмақ. Осы мақсатта жобалар қайта қаралуда. Сондықтан Түркістан облыстық жобалық кеңсесінің жұмысын одан әрі жүйелеп, күшейту қажет.

Аймақтар • 14 Қараша, 2020

Түлкібасқа 8 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған

Түркістан облысы Түлкібас ауданына тартылған инвестициялар көлемі 7 млрд 743 млн теңгені құраған. Соның​ ішінде 2 млрд 584 млн теңге республикалық бюджет, 1 млрд 520 млн теңге жергілікті бюджет, ал 3 млрд 618 млн теңге кәсіпорындардан және халықтың​ өз​ қаржысы​ есебінен тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz