Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
733 материал табылды

Тарих • 20 Маусым, 2019

Мұстафа Шоқай мен Нәжіп Фазылға арналған халықаралық симпозиум басталды

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «Жастар жылына» орай түркі дүниесін зияландырғандар: «Мұстафа Шоқай – Нәжіп Фазыл» атты YI халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады. Жас ұрпақты түбі бір түркі халықтарының тұтастығын ту еткен тәлімді тұлғалардың ғибратты ғұмырынан тағылым алуға үндейтін айтулы шараны Халықаралық Түркі академиясы мен Шет Тілдер және Іскерлік карьера университеті бірлесе ұйымдастырып отыр.

18 Маусым, 2019

Ұлттық кітапхана ұжымы журналистерді марапаттады

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы алдағы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, бірқатар БАҚ өкілдерін «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен және арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Руханият • 17 Маусым, 2019

Қаламгерлерді қуантты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан Жазушылар одағының ұжымына қос бірдей су жаңа темір тұлпар сыйға тартылды. Алматыға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева ұлт руханиятының қарашаңырағына баланатын іргелі ұйымның төрағасы Ұлықбек Есдәулетке көлік кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Руханият • 16 Маусым, 2019

Мемлекет басшысы Жазушылар одағына темір тұлпар сыйлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан Жазушылар одағының ұжымына қос бірдей су жаңа темір тұлпар сыйға тартылды. Алматыға жұмыс сапарымен келген ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева ұлт руханиятының қарашаңырағына баланатын іргелі ұйымның төрағасы Ұлықбек Есдәулетке көлік кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Аймақтар • 12 Маусым, 2019

МӘМС бойынша алматылықтар 36,8 млрд теңге жарна құйған

Өткен мамыр айында алматылық жұмыс берушілер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2 миллиард теңге жарна аударған.Оған қоса, жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 1800 тұрғын бірыңғай жиынтық төлем төлеген. Одан сақтандыру қорына 3 млн теңгеден астам қаржы түсті, - деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы.

Аймақтар • 12 Маусым, 2019

Алматы орталығында монша өртке оранды

Оқыс оқиға қаланың Алмалы ауданына қарасты Хусаинов көшесінде орын алған.

Саясат • 09 Маусым, 2019

Рахат-Би Әбдісағын: Сайлау үшін Италиядан ұшып келдім

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы белгілі композитор, пионист Рахат-Би Әбдісағын Алматы қаласындағы №54 сайлау учаскесінде дауыс берді. Жас болса да халықаралық деңгейдегі үлкен сахналарда ел намысын арқалап жүрген дарын иесі жастарды сайлауда белсенді болуға шақырды.

Руханият • 07 Маусым, 2019

Суретші Дана Жүсіпованың жеке көрмесі ашылады

2019 жылдың 11 маусым күні Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Дана Жүсіпованың «Шабыт» атты жеке көрмесі ашылады. Экспозицияда қылқалам шеберінің кескіндемелік және акварельдік мәнерде орындаған 26 туындысы қойылады.

Аймақтар • 07 Маусым, 2019

Алматыда электрлі самокаттарды жалға беретін қалалық сервис ашылады

Алматыда «OZIM SCOOTERS» өздігінен жүретін электрлі құралдарды минут бойынша жалға беретін сервис іске қосылады. Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек жеке инвесторлар қолға алған еліміздегі алғашқы ерекше жобаның жұмыс принциптерімен танысты.

Қоғам • 07 Маусым, 2019

Ант қабылдады

1992 жылы жасақталған Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қыз­ме­ті мен Республикалық ұлан қосылу жолымен 2014 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Рес­­публикасының Мем­ле­кет­тік күзет қызметі болып қайта құрылған бола­тын. Әскери өмірдің айна­сына айналған қуат­ты құрылым 27 жыл қата­ры­нан ел игілігі мен қоғам қауіпсіздігі жолында табанды түрде қызмет етіп ке­леді. Ширек ғасыр бо­йы өз жұмысын мінсіз атқар­ған Мемлекеттік күзет қыз­ме­тінің қатары биыл да жас сар­баздармен толығып отыр.