Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
731 материал табылды

Туризм • 20 Қараша, 2020

«Эко-Сергек» табиғатты қорғауға септеседі

Алматыда «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экотуризмді дамыту мақсатында құрылған Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Басқосу барысында парк аумағындағы қалдықтарды бөліп жинау алаңдары таныстырылды.

Туризм • 20 Қараша, 2020

Алматы туристер қаласына айнала ма?

Алматының тұмса табиғаты кез келген шетелдікті өзіне баурап алуға қауқарлы. Ол үшін туризмнің тынысын ашып, арнасын кеңейту қажет. Бұл ретте қызмет көрсету сапасын заманауи стандарттар деңгейіне көтеріп, ақпараттық насихат жұмыстарын бір жүйеге келтірудің маңызы зор. Алатау баурайындағы әсем шаһардың бүгінгі туристік әлеуеті туралы жауапты мамандар не дейді?

Абай • 20 Қараша, 2020

Досмұхамед Кішібеков: Абай туған халықтың ұсақталуға хақысы жоқ

Есімі елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де етене таныс Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Досмұхамед Кішібековке амандаса барып, бүгінгі ғылымның өрісі, ұлттық таным, ұрпақ тәрбиесі тұрғысындағы ойларын тыңдап, батасын алып қайтқан едік. Балалық шағы зұлмат соғыс пен ашаршылық нәубетіне тұспа-тұс келген оның маңдайына тосын сыйы көп тағдыр қазақ ғылымына қалтқысыз қызмет етуді жазыпты. Жасы ғасырға жуықтаса да, санасы сергек, сөзі мірдің оғындай. Қатал уақыт қарттың қайратын алса да, көңіл көгіндегі сезім сәулесіне селкеу түсіре алмапты. Ғұмырлық қағидасында ұлттық мүддені бәрінен биік қоятын тұғырлы тұлғаның әңгімесі де әсерлі.

Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Пара алған полицей сотталды

Заң қызметкерлері арасында заңды белшесінен басу фактілері бұл күнде жаға ұстатар жаңалық емес. Қызмет бабын асыра пайдаланғанымен қоймай бірнеше мәрте алаяқтық жасап, пара беруге мәжбүрледі деп күдікке ілінген алматылық полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты.

Руханият • 19 Қараша, 2020

Бельгер бейнесі – ел жүрегінде

«Қазақтың қуанышы – менің қуанышым» деп өткен қабырғалы қаламгер, көрнекті аудармашы Герольд Бельгер ақтық демі қалғанша әдебиетке деген адалдығынан танған жоқ. «Ұлтым неміс болса да, қазақтың жанын бір кісідей түсінем» дейтін жазушыны қазақ халқы да жүрегінде әлдиледі. Өмірден көшсе де көңілден өшпейтін із қалдырған тұғырлы тұлғаның Алматыдағы 40 жыл бойы тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Былтыр арманына қанат бітірген ару қалада дарын атына көше берілген еді.

Аймақтар • 18 Қараша, 2020

Елдегі ең заманауи сүт өңдеу зауыты іске қосылуға дайын

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында «Eurasian Milk» ЖШС зауытында жабдықты тестілік іске қосу шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 18 Қараша, 2020

Кенептегі кемеңгер бейнесі

Абай бейнесі – қаншама қылқалам шеберін терең толғанысқа түсір­ген та­қырып. Бірде белгілі сурет­ші Жұмақын Қайрамбаймен әңгіме­лескенімізде: «Абайдың болмыс-бітімін, даналық келбетін кенепке сыйдыру қиынның қиыны. Бұл мақсатқа жету үшін суретшіге ас­қақ рух керек», деген еді. Адам­дық­тың асыл мұратын арқау еткен ақын­ның арман-тілегін расында да бір картинаға сыйдыру мүмкін емес.

Оқиға • 18 Қараша, 2020

Қайдаровқа құрмет

Алматыда әділет саласының айбынды өкілі, генерал-майор Рүстем Қайдаров тұрған үйдің қабырғасына мемориалды ескерткіш тақта орнатылды. Егемен еліміздің тарихында есімі алтын әріппен әдіптелетін ерен тұлға арамызда болса биыл сексен жасқа толар еді.

Аймақтар • 18 Қараша, 2020

Қылмыс деңгейі төмендеді

Алматы қаласында қылмыс деңгейі едәуір төмендеген. Шаһар­дың бас полицейі солай дейді. Қанат Таймерденов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте бұзақылық, ұрлық, қарақшылық сияқты қылмыстардың айтарлықтай бәсеңдегенін мәлімдеді.

Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Пандемия кезіндегі Алматы фотосуретшілер көзімен

Алматы қаласында қала әкімдігінің қолдауымен Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен фотокөрме өтуде. Фотокөрмеге қала тұрғындарының жұмыстары қойылған, - деп хабарлайды Egemen.kz