Сұңғат ӘЛІПБАЙ«Egemen Qazaqstan»
712 материал табылды

28 Шілде, 2017

Күнге ұмтылған елдер

Күн үш тәуліктің ішінде Жер бетіне оның бойындағы барлық барланған отын қорларының қуатына тең қуат жөнелтеді екен. Алайда, соған қарамастан оның сәулесін тұрмыс пен экономикаға қажетті қуат көзі ретінде игеру мәселесі адамзат қоғамында енді ғана бастау алып отыр деуге болады. Қазіргі уақытта күн сәулесінен алынатын қуаттың әлемдік энергетикалық өндірістегі үлесі 1 пайызға да толмайды. Бірақ бұл – әлі бастамасы ғана. Кейбір сарапшылардың болжамы бойынша, енді бір 35 жылдан кейін күн сәулесі Жердегі адамзат өндіретін қуаттың ең басты көзіне айналатын болады. Бұл болжамды Халықаралық энергетикалық агенттіктің мамандары да растап отыр. Олардың пікірі бойынша да 2050 жылға таман күн энергетикасының үлесі отынның басқа түрлерінің бәрінен басып озуы тиіс. Яғни, күн сәулесінің қуаты қазіргі мұнайды алмастыратын болады.

06 Шілде, 2017

Астана: сұлулықпен үндескен жылулық

Астанаға газ жеткізу мәселесі көптен бері қозғалып келеді. Елі­міз­дің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осыдан біраз бұ­рын­ғы бір шарада «Үкімет Астанаға кө­гіл­дір отын жеткізу жө­­нінде көп жыл­дан бері уәде беріп ке­­леді, сол уәдесін қашан орындай­ды?» де­ген сауалға «Астанаға газ­дың қа­шан жеткізілетіндігін бір Құ­дай ға­на білер» деп жауап беріп, үміт­ті көңілдердің әптігін басып тас­та­ған еді.

30 Маусым, 2017

Тақтатастан мұнай өндіру табыс көзіне айнала ма?

Осыдан біраз бұрын әріптесіміз Жылқыбай Жағыпарұлы «Тақтатас төңкерісіне тәуелділік» атты мақала жазып, АҚШ-та осы үдерістің шарық­тау шыңына шыққандығын, сөйтіп енді әлемде тақтатас төңкері­сінің басталуы әбден мүмкін екен­дігін жеріне жеткізе жазған-ды.

02 Маусым, 2017

Арқаның жері де құт, желі де құт

Қазақстанның Сарыарқадай сайын даласының асты-үсті қазынаға толы екендігі талай дәлелденген. Соның арқасында біз қазір әлемде өте сирек кездесетін осмий-187 эле­ментінен бастап, мыс пен болат, алю­минийге дейінгі аралықта метал­дардың сан түрін және Қазақстан бренді болып отырған сапалы астық өндіреміз. Қазақстан алтынының ең көп мөлшері де осы Арқа төсінен табылып отыр. 

05 Мамыр, 2017

Жемқорлықпен күрес адалдықты дәріптеуден басталады

Физика мен астрономия ғы­лым­дарында «қара құрдым» деген түс­і­нік бар. Жерден пәленбай милли­он жарық жылындай қашықтықта ор­наласқан, көптеген алып пла­­не­талар еркін сыйып кете ала­тын­дай кеңістікті қамтитын, ай­на­ла­сын­дағылардың бәрін жалмап жұ­тып ала­тын бір ғажап дүние. Оның ма­ңайына жақындағанда, жарық жыл­дамдығының өзі баяулап, уа­қыт тоқтап қалады деседі. Осы «қа­ра құрдымның» бар екендігіне не­месе жоқ екендігіне әлі күнге дей­ін ғалымдар талас қылып жатады.

17 Қаңтар, 2017

Ет жеуге де еп керек