Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
540 материал табылды

Спорт • 23 Қазан, 2020

Тұңғыш мерген

Нысана көздеу спорт түрінен қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері – Гүлшат Ахметқызы Майлыбаева. Бұл кісі 1931 жылы 29 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келіпті. Аталған спорт түрі 1896 жылы өткен тұңғыш І Олимпия ойындары бағдарламасына енген. Ал Қазақстанда нысана көздеу спорт түрі 1923 жылдан бастап дамып келеді.

Руханият • 23 Қазан, 2020

Сұлтанәлі Балғабаев: Өмірім қаламгерлер мен қандастар ортасында өтіп жатыр

– Сұлтанәлі Базарбайұлы, сізді жұрт­шылық белгілі жазушы-драматург және Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығында жұмыс атқарған қоғам қайраткері деп біледі. Соңғы уақытта баспасөз бетінде Т. Жүргенов атын­дағы Қазақ Ұлттық өнер акаде­миясының профессоры ретінде жиі көрініп жүрсіз. Бүгінгі әңгімені осы қыз­меттеріңізге қатысты көңілге түй­ген ой-пікірлерді ортаға салудан бастасаңыз.

Спорт • 22 Қазан, 2020

Бәйге түрлерінен Елбасы кубогы өтті

Елорданың оңтүстік-батыс шетінде орналасқан «Қазанат» атшабарында бәйгенің төрт түрінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кубогы жолындағы жарыс өтті.

Жеңіл атлетика • 20 Қазан, 2020

Әлемдегі ең жүйрік қыз (Ямайкалық Энн Шелли Фрейзер Прайс ханым жайлы толғау)

Қысқа қашықтықта әлемдегі ең жүйрік жігіт Усейн Болт болса, сол сияқты әлемдегі ең жүйрік әйел Болттың жерлесі Энн Шелли Фрейзер Прайс. Ол Олимпиаданың 2 және әлем чемпионатының 9 дүркін (2014 жылы Сопоте қаласында жабық кешенде өткен әлем чемпионатын қоса есептесек 10 дүркін) жеңімпазы. Кейін 2019 жылы қыркүйек айында Доха (Қатар) қаласында жеңіл атлетикадан өткен әлемдік додада 100 метр қашықтықты 10.71 секундта жүгіріп өтіп, маусымдық үздік нәтиженің иесі атанды.

Оқиға • 16 Қазан, 2020

Жеңімпаздар анықталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, «Құланшы» заманауи өнер орталығы, Қазақ­станның шығармашылық бастаулары мен мәдени мұрасын қолдау жөніндегі «Байта» қайырымдылық қоры, Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы, Педагог суретшілер халықаралық одағының (Ресей) Қазақстандағы өкілдігі, Еуразия өнер академиясы, Балалар көркемсурет мектебі – Нұр-Сұлтан қаласы ЮНЕСКО клубы; «ForteBank» АҚ мен «Леонардо» хобби гипермаркетінің қолдауымен ұйымдастырылған «Туған жерім» атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының XV халықаралық байқауы өз жеңімпаздарын анықтады.

Спорт • 16 Қазан, 2020

«Темір Турищева»

Монреаль Олимпиадасында (1976) жеңісіне қол жеткізген Кеңестер елінің 24 жастағы гимнасшы Людмила Турищева журналистерге берген сұхбатында ғарышқа көтерілгендей көңіл күйде жүрмін деген екен. Расында Олимпиаданың төрт алтын, үш күміс, екі қола медалін еншілеген адам қуанбай қайтеді. Сондай-ақ әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері, Еуропа чемпионатында гимнастиканың барлық түрінен жеңімпаз атанған екі қыздың (екіншісі Елена Шушунова) бірі – осы Люда. Қазірдің өзінде оның жетістігін ешкім қайталай алған жоқ.

Руханият • 15 Қазан, 2020

Арқаның арыстаны – әйгілі күш иесі Балуан Шолақтың қазасы жайлы дерек

Балуан Шолақ атамыздың туып-өскен жері Ақмола облысының Бұланды ауданы. Астана-Көкшетау бағытында Елтай атты шағын станса бар. Балуан атамыздың соңғы тұрақ тапқан жері, яғни зираты осы стансаның сыртындағы Тастыөзек шұрайлы қойнауында. Атамыз көзі тірісінде келімсектермен қатты жауласқан екен. Олар Шөкең өлген соң да тыныштық бермесін сезген елдің үлкендері Қайрақты өзенінің бойына жалған зират орнатып, оларды алдаған дейді, осы күнде Макинск ауылында тұратын өлкетанушы Ақшатай Изахметова апамыз.

Руханият • 13 Қазан, 2020

Елбасы кітапханасының виртуалды көрмесі әлем мәдениетінің құнды мұрасы «Пазырық кілемі» жәдігерін ұсынды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Бір жәдігер тарихы» жобасы аясында «Пазырық кілемі» атты виртуалды көрмесін көпшіліктің көзайымына айналдырды.

Руханият • 12 Қазан, 2020

Расул ҒАМЗАТОВ, авардың халық ақыны: Менің жұлдызым – авар тілі

Адамзатқа не себепті көз, құлақ, тіл берілген. Мәселен, екі көзбен көріп, қос құлақпен естіген дүниені бір тіл жарық дүниеге сөз етіп таратады. Тілден шыққан сөз қия жартастағы сүрлеуден өтіп, кең жазираға жеткен тұлпар секілді. Әлбетте, жүрекке жетіп, санаға сіңбеген сөзді сөйлеуге бола ма? Сөз әсте жай болмайды. Не қарғыс, не алғыс, әйтпесе жағымпаз, тіпті ауру, харам, өтірік, шын, әртүрлі.

Қоғам • 09 Қазан, 2020

Титаник синдромы

Жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев соңғы жылдары жазған «Қазақтың қызыл кітабы» атты пуб­ли­цис­тикалық мақалалар жинағында: «Мен жасы жетпістен асып бара жатқан зия­лы ақсақалды білемін. Дербес зейнеткер, оқыған-тоқыған адам. Әйтсе де, өзінің балалары мен немерелерінің біреуі бірауыз қазақша білмейді.