Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
540 материал табылды

Өнер • 30 Қазан, 2020

Бояуы қанық, қоспасыз көріністер

Шетелде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың арасында талантты қыз-жігіттер баршылық. Бұлар өздері тұрып жатқан мемлекеттің әдебиеті мен өнеріне, мәдениеті мен спортына атсалысып, жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Соның бірі – Бай-өлке аймағының тұрғыны Ризабек Жазидолдаұлы.

Таным • 30 Қазан, 2020

Бай-өлкеден Бийскіге барған керуен

Ежелгі көк түріктердің солтүстік шебі Таулы Алтайдың батыс сілемі Бие дариясының бойында орналасқан Бийск атты қала бар. Әкімшілік орталығы Алтай өлкесіне қарасты өндірісті аймақ. Елді мекеннің тағаны алғаш 1708 жылы бекініс ретінде қаланса, уақыт өте келе ресейлік саудагерлер Моңғолия, Қытай елдеріне, тіпті Үндістанға дейін тауар жөнелтетін маңызды нысанға айналды. Қазірдің өзінде Ресей Федерациясының Орталық Азияға шығатын сауда-саттық қақпасы іспеттес. Сонымен қатар қала Новосибирскіден басталып, шығысқа қарай Алтай жоталарын тіліп өтіп, Моңғолияға жалғасып жатқан Шүй жолының (Чуйский тракт) ең маңызды нүктесі. Сондықтан да болар қала­ның шығыс жақ шығаберісінде атақты «Чуй­с­кий тракт» музейі орна­лас­қан.

Таным • 29 Қазан, 2020

Қазақ тазысы

Қазақтар ерте кезден бастап ит жүгіртіп, құс салып, аң аулап серуен құрған халық. Олар аң аулауға бейім иттерін тазы деп атаған. Орта ғасырда өмір сүрген италиялық жиһанкез Марко Поло далалықтардың аң аулайтын жүйрік иттері жайлы тамсана жазады. Сондай-ақ бертіндегі орыстың статистика қызметкері А.Слудский 1930 жылдардың аяғында қазақ даласында шамамен 4 мыңнан астам аңшы иттер (тазы) болғанын және олар бір маусымда 30 мыңдай аң ұстап, оның терісін иелері ресми түрде үкіметтік мекемелерге өткізгенін айтады. Осы орайда оқырмандарымызға халқымыздың саятшылық өнеріне жататын тазымен аң аулаудың және оны баптап, бағудың қыр-сыры жайлы мәліметтер ұсынып отырмыз.

Қоғам • 29 Қазан, 2020

Жасампаз жоба – жарқын болашақ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен онлайн кездесу өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар қатысып, Елбасы бастамасы ретінде қабылданған аталған жобаның қоғамға ықпалы жайлы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Спорт • 28 Қазан, 2020

Будапештте жүлде бұйырмады

Бұған дейін хабарлағандай, өткен аптаның демалыс күндері Дүние­жүзілік дзюдо күрес федера­циясының (IJF) шешімімен жылда болатын дәстүрлі «Үлкен Дулыға» турнирі Мажарстан астанасы Будапешт қаласында жоғары дейгейде ұйымдастырылды.

Бокс • 28 Қазан, 2020

Ағайынды Ақшаловтар

Қазақ бокс спорты тарихында бір отбасынан шыққан ағайынды спортшылар көп емес. Олардың басында ағайынды Махмұт және Мақсұт Омаровтар тұрғаны анық. Бұлардың бапкері – қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлы. Ағайындылардың үлкені – Махмұт Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанумен қатар, 1947 жылы КСРО чемпионатының қола, Бүкілодақтық «Динамо» ерікті спорт қоғамы біріншілігінің күміс жүлдегері атанса, інісі Мақсұт 1957 жылы күллі Одақ чемпионатында қола медальға қол жеткізіп, 1959 жылы өткен КСРО Халықтары спартакиадасында күміс жүлдеге ие болды. Ал біз бұл жолы ағайынды боксшылар Мерей және Мейірім Ақшаловтар жайлы сөз қозғамақпыз.  

Руханият • 27 Қазан, 2020

Қажымұқан жерінен – Қажымұқан еліне

Келесі жылы күш атасы, үлкен ақын Сырбай Мәуленовше айтсақ, «Тастарды тастарға ұрған түйір көрмей, Тұп-тұтас жұдырығы диірмендей, Тоқпақ сан, шомбал кеуде, шор-шор иық, Тұтқасы болса жерді үйіргендей» даланың бұлшық еті Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толады екен. Осы даталы мерекеге байланысты балуанның соңғы тынысы үзіліп, жамбасы жерге тиген өлкенің тұрғындары, яғни оңтүстіктік ағайындар «Қажымұқан жерінен – Қажымұқан еліне» атты жоба жасап, алда болатын балуанның мерейтойын халықаралық деңгейде, әрі таным-тәрбиелік тұрғыдан аста-төк той үлгісінде емес, тұлғаның өмірінен келер ұрпақ өнеге-үлгі аларлық, сонымен қатар спортшы жастар адалдық пен отансүйгіштік рухын бойына сіңірерлік мақсатта болса деген міндет қойып отырған көрінеді.

Тарих • 27 Қазан, 2020

Сібірдің Көшім ханы

Әуелі Көшім ханның қай­дан шыққаны туралы та­рихи мәліметтерге көз жү­гіртсек, оның Сібірді ба­­ғындырудағы басты жо­ры­ғы Қараөткел өңірі Есіл бойынан басталды деуге негіз бар. Бұл – әлі маман та­рихшы зерттеушілер тара­пы­нан бір ізге түспеген та­қы­рып.

Таным • 27 Қазан, 2020

Қазақ халқының мергендік өнері

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан екі жыл бұрын жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды» дейді. Осы орайда, халқымыздың ежелгі жауынгерлік өнері садақ тарту немесе жамбы ату өнері жайлы мәліметтерді ұсынып отырмыз.  

Руханият • 23 Қазан, 2020

Жошы – қазақ хандарының атасы

Өткен жылдың тамыз айында Жезқазған өңірінде ұйымдастырылған «Ұлытау- 2019» халықаралық туризм форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Алтын орданың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау мәселесіне ерекше тоқталып: «Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет», деген еді. Демек, ұлт тарихында орны зор тұлға, қазақ этносының мемлекеттік негізінің қалануына сүрлеу салған Жошы хан туралы деректер өткен тарихымыздың өзегі іспеттес. Осы орайда, Орта ғасыр дәуіріне қатысты оқиғалардың білгір маманы, жоғарыда Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінгі Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуының ежелгі шарт-талаптарын негіздеуші ұлы тұлға Жошы хан жайлы толымды зерттеу жүргізген тарих ғылымдарының докторы марқұм Зардыхан Қинаятұлының еңбектері өте құнды. Басқасын былай қойғанда, 2001 жылы жарық көрген «Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары» атты монографиясы, 1999 жылы жазылған «Быль и правда вокруг родословной Джучи-хана» зерттеу еңбегі, бұлардың сыртында 2004 жылы алғаш баспа бетін көрген «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» атты тың тұжырымдамалық бағытта жазылған туындысы аталған тақырыпты терең қаузаған еңбектер екені анық. Оның сыртында, алдағы айда зерттеуші-ғалымның 80 жылдығы есік қағып тұр. Жоғарыдағы оқиғаларды ескере отырып, біз журналистикада бұрыннан бар ретроспективалық сұхбат жанрын жаңғырту мақсатында З.Қинаятұлының еңбектерін пайдаланып, виртуалды әңгіме өрбіттік.