Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
540 материал табылды

Руханият • 30 Қараша, 2020

Ежелгі Тараз ескерткіштерімен танысты

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдас­тырған «Ясауи ізімен» ғылыми экспедиция мүшелері Жамбыл облысына арнайы іссапармен барды.

Жеңіл атлетика • 25 Қараша, 2020

Желаяқ Джонсон

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында АҚШ-тың Даллас аймағындағы Бэйлор университетінің стадионында студенттердің кезекті жаттығулары өтіп жатты. Жеңіл атлеттердің бірі алаң жиегінде өз бетінше жаттығып, енді бірі алты жолақты жүгіру жолында бір-бірімен жарысып жүрсе, енді бірі бапкердің нұсқауларын тыңдап тұр. Күнделікті жаттығудағы әдеткі жағдай. Бір кезде ауа райы кілт бұзылып, аспаннан нөсер жауын құйды да кетті. Бәрі оқу ғимараттарының ішіне қарай жүгіріп кірді. Бір кезде бапкер барлық оқушылардың терезеге телміріп қарап тұрғанын байқады. Барып қараса, бір студент ештеңе болмағандай, жауын астында жаттықтырушының берген тапсырмасын орындап, жаттығуын жалғастырып жүр екен. Бұл болашақта аты алты құрлыққа кеткен атақты желаяқ Майкл Джонсон еді.

Таным • 24 Қараша, 2020

Ат әбзелдері

Қазақтың ұлттық-жауынгерлік ойын-сайыс түрлерінің дені ат үстінде немесе жылқы түлігін пайдалану арқылы іске асады. Мысалы, ат жарысы немесе бәйге түрлері – аламан, жорға, тай, құнан, дөнен, бесті, айғыр жарыс, сондай-ақ жауынгерлік ойын-сайыс түрлері – аударыспақ, көкпар, қыз қуу, ат үстінде садақ (жамбы) ату, теңге ілу т.б. Яки осында айтылған ат спорты ойын-сайыс түрлерін орындау үшін сәйгүлікпен қатар жылқының жабдығы, яғни ат әбзелдерінің де алатын орны ерекше. Ат әбзелдері деп алдымен ер-тұрманды, оған қоса жылқыны жуасытуға немесе басқаруға ыңғайлы жүген-ноқта, тізгін-шылбыр, өмілдірік-құйысқан қатарлы жарақтарды айтамыз.

Таным • 24 Қараша, 2020

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Түз тағысы бүркітті қолға түсіріп, оны өзіне құлақкесті бағын­дырып, онымен де қоймай алпыс екі айлалы түлкіні алдырып, саятшылық құратын ғаламда халық аз. Көк аспан тағысын қолға үйрету оңай емес. Оның амал-айласын білетін әлемде қазақтан басқа халық кемде-кем.

Руханият • 24 Қараша, 2020

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Қазандық бөлмесінде «Қасиетті лаухалар жаңғыртылуы» атты іс-шара өтті.

Руханият • 24 Қараша, 2020

Сөредегі сағаттар

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің ғимаратында «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі» және «Дипломатиялық сыйлықтар – адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі» атты қос көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, мәдени шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, танымал ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Руханият • 24 Қараша, 2020

«Ясауи ізімен» экспедициясы Созақ өңіріне сапарлап, қасиетті нысандарды аралады

Түркі әлемінің тұлғасы Қожа Ахмет Ясауи тарихын түгендеу және толыққанды мәліметтер топтас­тыру һәм тың деректер іздеу мақ­сатында «Әзірет Сұлтан» мем­ле­кеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Ясауи ізімен» атты экспедиция ұйымдастырды.

Оқиға • 23 Қараша, 2020

Ерте дәуірдің ері табылды

Іргесі 1888 жылы қаланған, дүние жүзіне танымал «National Geographic» атты журнал бар. Бұл басылым – ғалам назарын аударған мәдени мұралар, археологиялық жаңалықтар, жан-жануарлар әлемі мен мұхит түбіндегі тіршілік иелерінің өмірі секілді тақырыптарды қаузайды. Сонымен қатар түрлі-түсті фоторепортаж жариялайды. Журнал әлем халықтарының бірнеше тілінде жарық көреді. Құрылтайшысы – АҚШ-тағы Ұлттық география қоғамы.

Оқиға • 23 Қараша, 2020

Елбасының туындысы таныстырылды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) бірлесіп, Елбасы кітапханасында –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен түрік тілінде басылып шыққан «N.A. Nazarbayev. Ulu Bozkirin mirasi» («Н.Ә. Назарбаев. Ұлы дала мұрасы») кітабының таныстырылымына арналған халықаралық онлайн-конференция өткізді.

Оқиға • 20 Қараша, 2020

«Ақиқат» жеңімпаздары анықталды

«Ақиқат» пікірсайыс клубы колледж студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы кітапханасының ауыспалы кубогы жолында онлайн-турнир өткізіп, жарыс жеңімпаздарын анықтады.