Egemen Qazaqstan
12207 материал табылды

Коронавирус • 14 Қаңтар, 2021

2020 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең көп өлім саны тіркелген

Короновирустық пандемия салдарынан қайтыс болған адамдар саны Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарынан бері есептегенде адам өлімінің ең жоғарғы деңгейіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

537 миллион теңге: Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке шығын келтірді

Қарағандыдағы ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 537 миллион теңге шығын келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 14 Қаңтар, 2021

Алматы маңындағы жантүршігерлік апаттан үш адам қайтыс болды

Алматы облысында 12 қаңтардан 13 қаңтарға қараған түні көлік апатынан үш адам қаза тапты деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Түркістанда 5 жасар бала алаяққа алданды

Түркістан облысында полиция қызметкерлері бес жасар баланы алдап телефонын алып қойған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Әлем • 14 Қаңтар, 2021

Париж келісімін орындауды кешіктіруге болмайды

Жаңа 2021 жыл АҚШ-тағы Капитолийді басып алу түрлі саяси оқиғалармен басталды. Дегенмен, қазіргі таңда әлем елдерін бір ғана мәселе мазалап тұр:  «Коронавирус пандемиясынан зардап шеккен экономиканы қалай қалпына келтіреміз?». Болжам бойынша, биыл ішкі жалпы өнім баяу өспек. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы сұрақтарға жауап берілген. Нью-Йорк университетінің Стерн бизнес мектебінің экономика профессоры Нуриэль Рубини қазіргі әлемдегі ахуалға шолу жасаған. Оның пайымдауынша, коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай егу басталғанымен, экономиканың қалпына келуі қиын. Өйткені дамуды тоқыратқан бұдан басқа да себептер жетерлік. Айта кетерлігі, автордың болжамы ең нашар сценарийге негізделіп жасалған. Ирландияның бұрынғы президенті, БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқарған, бүгінде The Elders тобының төрағасы Мэри Робинсон өз мақаласында Париж келісімі туралы әңгімелейді. Оның айтуынша, әлем елдері жаһандық жылынуға жол бермеу үшін өз міндеттерін адал орындауы керек. Әсіресе коронавирус дағдарысы шартараптың тізе қосып әрекет етуі қажет екенін көрсетті. Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Әлем • 14 Қаңтар, 2021

Экономиканы қалпына келтірудің қиындығы

Президент жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әлем • 14 Қаңтар, 2021

Postcapitalism

Капиталистік өндіріс күштерінің даму үдерістерінің ғылыми негіздерін ұзақ жылдар бойы зерттеген Карл Маркс капиталистік жүйенің қозғаушы күші мен негізгі заңы қосымша құн екенін дәл анықтап қана қоймай, әлгі жүйенің жаһандық экономиканы әлсін-әлсін алапат дағдарыстарға ұшыратынын да, тіпті түптің түбінде ол жүйенің орнына жаңа заманға лайық жетілдірілген заманауи жүйелердің келетінін де, сондай-ақ қоғамдық және еңбек саласындағы қарым-қатынастардың да мүлде жаңаша өрбитінін күні бұрын болжап қойған сыңайлы.

Оқиға • 14 Қаңтар, 2021

«Қызылмен» қоштасатын кез келді...

Қа­з­іргі Қызылорда қаласының тарихи кезеңдерін еске алатын болсақ, 1925 жыл­дың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкіл­де­рінің басын қосқан Қырғыз АССР Кеңестерінің V съезі ашылған бо­­ла­тын.

Таным • 14 Қаңтар, 2021

Дүниетаным айнасы

Хакім Абай мұрасының басым бағыттары: ұлт мұраты мен елдік мүддеге келіп сая­ды. Ол, әсіресе, поэтикалық өнері мен «Қарасөздер» мұрасынан кең көлемде көрініс береді. Хакім Абай бастапқы тұстан-ақ «...өз сөзім – өзімдікі» дегенді анық айтып, келесі кезекте мақсат-мұраттарын айқындап, осы бағыттағы ұстаным-көзқарастарына мықтап табан тірейді. Көрген-білгенін ақыл көрігінде қорытып, таразыға салады. Жан-жүрек үнін айқын, көңіл толқынын ашық, дүниетаным айнасын кең түсіреді. Анығында, өмірін, уақытын босқа өткізу, еңбегін-кәсібін бағаламау, білім-ғылым, дәстүр, дін, тарих пен таным, тәлім-тәрбие ісіне мән бермеу, т.с.с. ақиқатын айтып, маңызын ашады. Қысқа ғұмырдың алдамшы, өткіншілігін тамыршыдай тап басады. Баянсыз, тұрлаусыз сиқына бас шайқап, іштен тынады. Мұның өзі «Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді» деген өмір философия­сынан алынған толғам-толғаныстарымен табиғи үндесіп, сабақтасып-ақ тұр.