
Сайлау • 10 Маусым, 2019
Ж.Сааданбеков: Қасым-Жомарт Тоқаев – адал әрі кәсіби дипломат
Мен 2000-2007 жылдардың аралығында Қырғызстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқардым және Қасым-Жомарт Тоқаевпен жақын таныс болдым. Ол сол уақытта Қазақстанның Сыртқы істер министрі еді және тек өз елінің ғана емес, бүкіл посткеңестік аумақтың ірі саяси фигурасына айналып үлгерген. Қ.Тоқаев мырза сол күрделі кезеңде жас саясаткер болса да Қазақстанның ұлттық мүдделерін қайсар мінезімен қорғайтын кәсіби дипломат, беделді тұлға ретінде танылды.
Аймақтар • 10 Маусым, 2019
Саясат • 09 Маусым, 2019
Алматыда сайлауды бақылауға 80-нен аса халықаралық бақылаушы қатысуда
Президент сайлауының барынша ашық өтуін қадағалау мақсатында Қазақстанға бірқатар әлем елдерінен бақылаушы мамандар келгені мәлім. Еліміздегі ең алып мегаполис саналатын Алматыдағы қызу науқанды бақылауға 80-нен астам халықаралық сарапшы қатысты. Шаһардағы 563 сайлау учаскесіне 1 миллион 130 мың 792 сайлаушы тіркелген. Учаскелер тасымалданатын және тұрақты сайлау жәшіктерімен, қажетті ақпараттық материалдармен толықтай қамтылған.
Сайлау • 09 Маусым, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы №58 сайлау учаскесінде дауыс берді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан № 58 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Сайлау • 09 Маусым, 2019
Дариға Назарбаева елордадағы Оқушылар сарайында дауыс берді
Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сайлау • 09 Маусым, 2019
Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Президент сайлауына түсіп жатқан Жамбыл Ахметбеков дауыс берді.
Әлем • 07 Маусым, 2019
Парламентшілер НАТО Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысты
Парламент Сенаты мен Мәжілісінің Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеттерінің депутаттары Н.Нұрсипатов пен Е.Бектұрғанов Братиславада өткен НАТО Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 07 Маусым, 2019
Сыртқы істер министрінің орынбасары Германияның экономика күндеріне қатысты
Германияға жұмыс сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Германияның экономика күндеріне Христиан-демократиялық одақ партиясы желісі бойынша қатысты. Аталған іс-шара Германияның жоғары шенді тұлғаларының қатысуымен экономикалық даму мен іскерлік белсенділікті арттыруға қатысты маңызды мәселелерді талқылауға арналған әлемдік және еуропалық деңгейдегі беделді алаңның бірі. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Технология • 07 Маусым, 2019
IT саладағы гендерлік теңсіздік
DigiGirlz High Tech Camp. Бұл Microsoft компаниясының білім беру жобасы. Соның аясында Астана халықаралық мектебінде ел біріншілігінің жалауы желбіреді. Жобаның атынан белгілі болғандай, сайысқа тек оқушы қыздар тартылды.
Экономика • 07 Маусым, 2019
Қаржылық сауаттылықты арттырды
Жуырда 15-тен аса мемлекеттік қызметкер қаржылық реттеуге байланысты арнайы курстан өтіп, қажетті сертификатқа қол жеткізді. Мұндай мүмкіндікті «Астана» халықаралық қаржы орталығы жанындағы Үздіксіз кәсіби дамыту бюросы берді. Тыңдаушылардың дені салалық органдардың басшылық құрамынан іріктелген.