Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Азаматтық қорғаныс қызметінің 25 жылдығы аталып өтті

16 рет көрсетілді

Осы күнге орай облыс орталығында Өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға, Төтенше жағдай қызметінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар қызметінің Өрт сөндірушілері мен құтқарушыларына арнайы  көліктердің кілтін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов табыстады. Арнайы техникаларды табыстау облыс орталығындағы №4-ші өрт сөндіру бөлімінің жаттығу алаңында өтті. Жергілікті бюджет есебінен өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, сондай-ақ қалалық және аудандық ТЖ бөлімшелері үшін бір автоцистерна, екі "УАЗ" автомобилі және төрт "Нива" автокөлігі сатып алынды.

1

Ал, жиын барысында облыс әкімі Төтенше жағдай қызметінің Азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің өңірлік кеңесінің төрағасы Кәкима Асқарованы "Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапаттады.

Өңірлік "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің" бастығы Сүлеймен Бимағамбетовке және Ақсу бөлімінің бастығы Дәулет Куконевке облыс әкімінің Құрмет грамоталары табысталды. Облыс әкімінің алғыс хатымен №3 өрт сөндіру бөлімінің бастығы және аға жүргізушісі Қазбек Бейсекеев пен Ерназар Тілеукен, №4 өрт сөндіру бөлімінің командирі Сұлтан Жасқайратов және "Апаттар медицинасы орталығының" фельдшері Руслан Бахтияров марапатталды.

1

Сонымен қатар азаматтық қорғау қызметкерлері мен ардагерлері ведомстволық наградалармен марапатталды.

"Осы жүйеде жұмыс істеген 20 жыл ішінде мен қарапайым жігіттердің қызметтік борышын орындау барысында жанкештілік танытып жүргенін көріп жүрмін. Құтқарушы Андрей Лукьянченков сияқты әрбір адам мұзды суға секіріп, батып бара жатқан адамды құтқара алмайды. Жарылысқа бір минут қалғанда Майқайың кентіндегі №29 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің бұрынғы командирі Қуандық Омаров кішкентай қызды пәтерден алып шықты. Артем Колокольников өртке оранған үйге кіріп, алты газ баллонды шығарды.  Бізде осындай жігіттер жұмыс істейді. Ардагерлер қауымы атынан  әрқайсысына жақсылық, денсаулық және батылдық тілеймін. Күн сайынғы қызметтен соң, үйлеріңізге аман-есен оралыңыздар", деді Кәкима Асқарова.

14

Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылар құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Ал өрт сөндіру бөлімінің плацындағы стелаға гүл шоқтары қойылды.

 

Павлодар облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар