Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Алматы облысында 6 485 медицина қызметкері үстемақы алды

8 рет көрсетілді

Алматы облысында биылғы жылы  12,9 млрд теңгеге 17 денсаулық сақтау нысаны салынуда, 7 нысанның күрделі жөндеуіне 3,0 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соның ішінде Жамбыл ауданындағы перзентхана мен Көксу ауданындағы дәрігерлік амбулатория, Талдықорғандағы 200 төсектік, барлық қажетті заманауи құралдармен жабдықталған және штаты жинақталған (452 медперсонал) модульді жұқпалы аурулар ауруханасы қолданысқа берілді.

Амандық Баталовтың айтуынша, облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавируспен ауырғандар санының соңғы аптадағы өсу қарқыны - 0,1%. Қазіргі кезде 115 адам ем қабылдап жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес індетпен күреске жергілікті бюджеттен 13 млрд теңге бөлінді, соның 8,1 млрд теңгесі екінші толқынына дайындыққа қарастырылған. 3 компьютерлік томограф, 18 рентген аппараты, 150  ИВЛ аппараты және басқа да медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар демеушілер көмегімен 31 ИВЛ аппараты, 510 кислород концентраторлары, 22 санитарлық автокөлік, 208,3 мың жеке қорғаныс құралдары алынды. 180 жедел жәрдем көлігі, 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Жедел жәрдем бригадасының саны 165-тен 205-ке жеткізілді.

Облыста  қуаты тәулігіне 4,5 мың зерттеу жасауға жететін 8 зертхана бар (4 - ММ, 4 коммерциялық). Оларда барлығы 207 мың ПЦР-зерттеу жасалған.

"Кадр мәселесі де шешілуде. Медицина мамандарын С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен бірлесіп дайындау мақсатында 274 дәрігер оқытылды. Медицина мамандарының тұрғын үй мәселелерін шешу үшін биылғы жылы 756 млн.теңгеге 127 пәтер сатып алынды, жыл соңына дейін тағы 64 маманды баспанамен қамтамасыз етеміз. Келесі жылы медицина қызметкерлері үшін Талдықорғанда 60 пәтерлі тұрғын үй салынатын болады. Сол сияқты 5362 маман 4,7 млрд теңге сомасында үстемақы алды, 1123 қызметкерге жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 137 млн теңге болатын сыйақы берілді. Індеттің екінші толқынына дайындық жұмыстары ерекше бақылауда", деді А. Баталов.

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Экскурсия сабағына қатысты

Қоғам • Бүгін, 08:00

Ұлылар үндестігі

Оқиға • Бүгін, 07:56

«Киік» акциясы басталды

Экология • Бүгін, 07:52

Ұқсас жаңалықтар