Аймақтар • 22 Қазан, 2020

COVID-19 жұқтырған науқастарды үй жағдайында емдеу және бақылау қалай жүргізіледі

11 рет көрсетілді

Covid-19-ды емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес науқастар амбулаториялық деңгейде яғни үйде емделуі мүмкін. Атап айтқанда, олар симптомсыз, жеңіл, орташа ауыр деңгейде жұқтырғандарды ауруханаға жатқызбайды.

Коронавирус инфекциясының барлық түрлерін тіркеу үшін елорда емханаларына жіберіледі. Содан кейін учаскелік дәрігер
олардың жағдайы мен науқасты емдеу жолдарын анықтау үшін байланысады.

Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, егер адамда клиникалық көріністер болмаса, науқас үй карантинінде болады және оның емханасының дәрігерлері қоңырау шалу немесе бейне қоңырау арқылы қашықтықтан бақылайды.

"ПТР тесті оң нәтиже беріп, бірақ аурудың клиникалық белгілері жоқ адамдар 14 күн бақылауда болады. Бұл инкубациялық кезең, ауру дамуы мүмкін, сондықтан олар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес үй жағдайында БМСК медициналық бақылауында болады. Оларды медицина қызметкерлері онлайн бақылап отырады, яғни мұндай науқастарды емдеу қашықтықтан жүргізіледі", – деп хабарлады басқармада.

Басқарма өкілдері емханалардың мамандары телефон арқылы және мессенджерлер арқылы симптомсыз науқастармен байланыс жасайтынын айтады. Күн сайын медицина қызметкерлері мұндай науқастарға қоңырау шалып, олардың жағдайын біледі. Егер жұқтырған адамның әл-ауқаты 14 күн ішінде нашарламаса, онда мониторинг алынып тасталады. Симптомдар пайда болған кезде – дене температурасының жоғарылауы, жөтел, тыныс алудың қиындауы, ентігу болса, учаскелік дәрігер жаңа ем жолдарын қабылдайды немесе ауруханаға жатқызу қарастырылады.

Егер ауру симптомсыз түрде болса, онда пациенттер басқаларға жұқтыру қаупін тудырмау үшін оқшаулануы қажет. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстану, жақсы тамақтану және ұйқы режимін сақтау қажет.

Үйде оқшаулау кезінде аурудың жеңіл және орташа түрлерімен ауыратын адамдар салғырт өмір салтын ұстанбауы қажет, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек. Пациенттер температураны, пульс жиілігін, тыныс алуды, қан қысымын, сатурацияны (пульсоксиметр болған кезде) бақылауы қажет.

 

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар