Оқиға • 22 Қазан, 2020

Францияға жол түсіп тұр

20 рет көрсетілді

Жыл сайын елорда әкім­дігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді және «Еңбек – ел мұраты» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында Business Lady Qazaqstan байқауы өтіп тұрады.

Биылғы ұйымдастырылған сайыста Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Көкшетау, Арыс және Сәтбаев қалаларынан келген он әйел бақ сынаған болатын.

Осы байқауға Қарағанды облы­сындағы Сәтбаев қаласының аты­нан қатысқан жас ана және кәсіп­кер Динара Ширекбаева дара шы­ғып, Business Lady Qazaqstan Гран-приінің жеңімпазы атанды.

Динара Ширекбаева түрлі қызық-қуаныштарда, қыз ұзату той­ларында қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеумен айналысатын Event-Group агенттігіне жетек­шілік етеді. Жас кәсіпкер ананың арманы асқақ. Алдағы уақытта ол табиғи өнімдер негізінде жасалатын бәсекеге қабілетті өндірістің негізін қалағысы келеді.

– Жаңа жобаны іске асыруға құлшына кірістім. Ірімшік қай­нату ісімен кең көлемде айна­лыс­қым келеді. «Атамекен» өңір­лік кәсіпкерлік палатасы маман­дарының көмегімен бизнес-жос­пар құрдым. Жобамның қолдауға ие болатынына толық сенімдімін, – дейді Динара Ширекбаева.

Енді сәтбаевтық іскер келін­шек Business Lady Qazaqstan бай­қауының Гран-при иегері ретін­де пандемия біткеннен кейін Францияға барып, онда бизнес-байқаулар жеңімпаздары бас қо­сатын фестивальге қатысады. Кәрі құрлық төрінде байқауға қатысу­шы­лар шеберлік сабақта­рынан ғана өтіп қоймай, тәжірибе алмасып, іскерлік байланыс орнату мүм­кіндігіне ие болады.

 

Қарағанды облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Экскурсия сабағына қатысты

Қоғам • Бүгін, 08:00

Ұлылар үндестігі

Оқиға • Бүгін, 07:56

«Киік» акциясы басталды

Экология • Бүгін, 07:52

Мақсат – ауруды ауыздықтау

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Медициналық жабдықтар жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:47

Белсенділігі артып келеді

Саясат • Бүгін, 07:46

Ұқсас жаңалықтар