Экономика • 22 Қазан, 2020

Оңтайлы интеграцияланған жүйе

6 рет көрсетілді

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті биыл 9 қазанда үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің бірінші моделі бірыңғай тізілімге енгізілгені туралы хабарлады. Осы модель туралы ақпарат комитеттің порталында орналастырылған.

Үш құрамдасты интеграция­ланған жүйе (бұдан әрі – ҮИЖ) – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса ма­ши­насынан, қолма-қол ақша­сыз төлемдерді қабыл­дауға ар­налған жүйеден (құ­рылғы­дан), сондай-ақ сауданы басқа­руды, қызметтер көр­сетуді, жұ­мыстар орындауды және та­уар­лардың есепке алы­­нуын ав­томаттандыру жү­йесі­мен жа­рақ­тандырылған жаб­­дық­тан (құрылғыдан) неме­се ин­те­грацияланған жү­йе­нің бар­­лық үш құрам­да­сын алмасты­ра­­­­тын бағ­­дарламалық-аппарат­­тық к­е­­шен­нен тұратын интегра­­ция­лан­ған жүйе.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін ҮИЖ қолданудың бірқа­тар артықшылықтары бар. Бі­рін­шіден, салық кезеңіндегі, яғни жарты жылдық кіріс бойынша шегі 24 038 АЕК-тен (66,8 млн теңге) 94 086 АЕК-ке (261,4 млн теңге) дейін ұлғай­тылды. Екіншіден, ҚҚС бойынша шек 30 мың АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін, яғни 83,3 млн теңгеден 400,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Алай­да, бұл ұлғаю ҮИЖ-ді пай­да­лана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда (яғни банк карточкалары арқылы са­тып алушылармен есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға ғана қол­данылатынын ескеру қажет.

Осылайша, қолма-қол ақша­сыз есеп айырысудың күнде­лікті өсуімен де жеке кәсіпкердің салық­тарды оңтайландыру үшін әртүрлі схемаларды қолдану­дың қажеті жоқ. ҮИЖ-де салық­тық есепке алу модулі бар. Бұл жүйеде тауарлардың қозға­лысы, сондай-ақ салық есепті­лігін, оның ішінде қызметкер­лердің жалақысы бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі. Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған.

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Экскурсия сабағына қатысты

Қоғам • Бүгін, 08:00

Ұлылар үндестігі

Оқиға • Бүгін, 07:56

«Киік» акциясы басталды

Экология • Бүгін, 07:52

Мақсат – ауруды ауыздықтау

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Медициналық жабдықтар жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:47

Белсенділігі артып келеді

Саясат • Бүгін, 07:46

Ұқсас жаңалықтар