Экономика • 22 Қазан, 2020

Халықтың тұтыну шығыстары қысқарды

11 рет көрсетілді

Статистика органдарының деректері бойынша биыл екінші тоқсанда халықтың тұтыну шығыстары бірінші тоқсанмен салыстырғанда 6%-ға қысқарған. Осылайша, тұтыну шығыстары 170,6 млрд теңгеге азайған.

Бірінші тоқсанда жан басына шаққандағы шығыстар орта есеппен 163,6 мың теңгені құрады, екінші тоқсанда – 154,5 мың теңге немесе 9,1 мың теңгеге кем болды, бұл 18 млн 760 мың адам халық санын есепке алғанда тұтыну шығыстарының жалпы 170,6 млрд теңгеге қысқаруына әкелді.

Өңірлік бөліністе экономикасы саудаға барынша тәуелді болатын елдің ең ірі мегаполисі – Алматы қаласында шығыс­тар ең көп (9,2%-ға) төмендеген (жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 2019 жылы 34,4%-ды құра­ды, жалпы Қазақстан бойынша 17%-бен салыстырғанда). Алматыдан басқа, айтарлық­тай төмендеу Шымкент қаласын­да (-7,9%), Алматы (-7,6%) және Ақтөбе (-7,3%) облыстарын­да байқалады. Барлық өңірлер­де шығыстардың қысқаруы аясында тек Қызылорда облысында бірінші тоқсанмен салыстырғанда 3,9%-ға өсу байқалады.

«Азық-түлік тауарларына шығындар жалпы ел бойынша 2%-ға өсті, алайда өңірлер бо­йынша айырмашылық елеулі. Егер Алматы қаласында олар 6%-ға қысқарса, мысалы, Маңғыстау облысында – 10%-ға өскен», деп атап өтті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Тұрғындардың жүріп-тұруы бойынша шектеу шараларын ескере отырып, халықтың үйден тыс жерде тамақтануға арналған шығыстары едәуір – іс жүзінде екі есеге қысқарған. Бұдан басқа, алкогольді ішімдіктерге жұм­салатын шығындар 15%-ға, оның ішінде Жамбыл облы­сында – 55%-ға, Маңғыстау облы­сында – 37,6-ға азайған, ал Қызылорда облысында спирттік ішімдікке жұмсалатын шығындар керісінше 16%-ға көп шығындала бастаған.

Сондай-ақ сарапшы азық-түлік емес тауарлар тұрғысы­нан тұрғын үй-жайларды ағым­дағы күтіп-ұстау және жөндеу үшін материалдарға арнал­ған шығындар екі есеге, ал дәрі-дәрмектерге, емдеу жабдық­тары мен аппаратураға арналған шығыстар төрттен бір есеге артқанын атап өтті.

«Шығыстардың үшінші бағы­ты – ақылы қызметтерге келер болсақ, қызмет көрсету сек­торының едәуір бөлігі әртүрлі шек­теулерге ұшырағандықтан, халық­тың осы бағыттағы шығын­дары табиғи түрде 23%-ға азайған. Ал өңірлер бойынша – Солтүстік Қазақстан облысында 12,6%-дан, Шымкент қаласында 37,6%-ға дейін», деді ол.

Қорытындылай келе, Д.Шу­меков білім беру қызмет­теріне шығындардың айтарлық­тай төмендегенін атап өтті (ел бо­йынша орта есеппен 63%-ға және Қостанай облысында 35%-дан Шымкент қаласында 86%-ға дейін).

 

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар