Қоғам • 22 Қазан, 2020

ПТР тестілері мен медициналық жабдықтар жібереді

6 рет көрсетілді

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Корея Респуб­ли­ка­сының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку-Хун-Сокпен кездесті.

 

Кездесу барысында тараптар екі­жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, оның аясында кореялық тарап Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына қарсы гуманитарлық көмек көрсетті. «Seegene» компаниясы шығарған кореялық өндірістегі «2019-nCOV Assay» атты ПТР сынақтарының 388 жиынтығының алғашқы партиясы 2020 жылдың 19 қазанында Нұр-Сұлтанға келді. Бұл 38 800 сынақ өткізуге мүмкіндік береді.

«Бізді Оңтүстік Корея Респуб­ли­касымен түрлі бағыт бойынша, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы бұрыннан келе жатқан достық серіктестік қарым-қатынастар байланыстырады. Пандемияның осындай қиын кезеңінде біз Корея мемлекетінің қолдауын ерекше бағалаймыз және Оңтүстік Кореяның жоғары басшылығына Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 таралуына қарсы күресте көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін ризашылығымызды білдіруге рұқсат етіңіз. Біздің достық қатынастарымыз, сондай-ақ екі ел арасындағы стра­те­гиялық серіктестік тек өзара түсі­ніс­тік негізінде нығайып, дамитынына сенімдімін», деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

Қазақ­стан­да COVID-19 инфекциясын анық­тау үшін 3 млн-нан астам зерт­ханалық тексеру жүргізілген. Соны­мен бірге пандемияға қарсы күрес үшін қосымша ресурстар жұмылдырылды. Айталық, Ұлттық сараптама орталығында 160-тан астам ви­ру­со­ло­гиялық зертхана қызметкері жұ­мыс істесе, ауқымды сынамалар жа­сауға бактериологиялық және аса қауіпті инфекциялар зерт­ха­на­ларының мамандары тартылды. Биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойын­ша дәрістер арнайы орындарда жүргізілген.

Корея Республикасы гума­ни­тар­лық көмектің екінші партиясын Алматы қаласына 2020 жылдың қазан айының соңына дейін жібереді. 72 оттегі концентраторы мен 50 па­циентке арналған монитор ДДҰ-ның «WHO global supply chain» ғаламдық жеткізілім желісі арқылы сатып алынады. Гуманитарлық көмектің соңғы, үшінші партиясы қазіргі кезде кореялық өндірісте өндіріліп жатыр.

«Еуропа мен Орталық Азия елде­рін­де пандемияның таралуы күн санап ушығып барады. Осыған сәйкес Қазақстан үкіметі пандемияның екін­ші толқынына тыңғылықты дайын­далуда. Корея Республикасы Үкі­мет­інің көрсеткен гуманитарлық көмегі Қазақстандағы COVID-19 пан­демиясының екінші толқынына да­йындық шараларына оң ықпал етеді деп сенемін», деді Корея Рес­пуб­ли­ка­сының елшісі Ку-Хун-сок.

Соңғы жаңалықтар

Дағдарыс орталығы ашылды

Оқиға • Бүгін, 08:09

Жастар жылу сыйлап жүр

Қоғам • Бүгін, 08:03

Керегіңді ал, мұқтаж жан

Руханият • Бүгін, 08:01

Эстафета Душанбеге жолданды

Руханият • Бүгін, 07:49

Желаяқ Джонсон

Жеңіл атлетика • Бүгін, 07:35

«Қауіпті сынап» акциясы өтті

Аймақтар • Бүгін, 07:18

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 07:10

Өңірлік форумда бас қосты

Оқиға • Бүгін, 07:02

Байден формуласы

Әлем • Бүгін, 06:48

Жаяуға да жаза бар

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар