Елорда • 21 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда көліктердің ережесіз тоқтауы автоматты түрде тіркеледі

1015 рет көрсетілді

21 қазаннан бастап көліктердің ережесіз тоқтау және тоқтап тұру фактілері автоматы түрде тіркеледі, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік құралдарының тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ тоқтауға және тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілерінің талаптарын сақтамау – бұдан былай қатаң қадағаланады. Енді мамандандырылған көлік құралдарындағы "Дозор-М" сертификатталған аппараттық-бағдарламалық кешені оларды автоматы режимде тіркелетін болады.
"Бұл кешен құқықбұзушылық жасалған көлік құралдарының нөмірлерін таниды және тіркейді, GPS⁄ГЛОНАСС көмегімен нақты орын мен уақытын анықтайды. Кейін бұл бұзушылықтар туралы мәлімет ұялы байланыс модульдері арқылы келіп түседі, осы деректер негізінде әкімшілік айыппұлдар рәсімделеді. Кешен анықтаған бұзушылық фактілері үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 601-бабының 1-бөлігі бойынша 3 АЕК (8 334 теңге) мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделеді. Көлік құралдарының тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзғаны үшін Кодекстің 597-бабы бойынша бұзушылыққа байланысты 5-тен 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады", делінген хабарламада.

Белгіленбеген жерлерде тоқтау мен тоқтап тұру, жолдың жүру бөлігіндегі таңбалар талаптарын сақтамау – ең көп таралған құқықбұзушылықтардың бірі. Жүргізушілер көліктерін тыйым салынған жерлерде қалдырады, осылайша жолда апатты жағдайлар, "кептелістер" және басқа да қолайсыздықтар туғызады.

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Ұқсас жаңалықтар