Елорда • 21 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанға ұшып келген 25 жолаушы карантинге жатқызылды

9 рет көрсетілді

Нұр-Сұлтанға шетелден ұшып келген ПТР тесті жоқ 25 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының мәліметіне сәйкес, бүгін түнде Нұр-Сұлтан әуежайына 4 ұшақ қонған. Белгілі болғандай, аталған рейстермен барлығы 203 адам ұшып келген көрінеді.

"Әуежайға қонған ұшақтың екеуі БАӘ-ден, қалғаны Беларусь және Германияға рейс жасаған. Анықтамасы жоқ азаматтар тиісті сынама алу үшін станицонарға, карантинге жатқызылды. Арасында коронавирус жұқтырғандары болса, әрі қарай ем алады", делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ресей азаматы ПТР сертификатының болмауына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайынан шығарылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар