Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Дендро саябақта күзгі тұқым себу жұмыстары жүргізілуде

9 рет көрсетілді

А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында тұрақты санитарлық-тазалық, абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда. Сондай-ақ, тұқымбақ аумағында күзгі тұқым себу жұмыстары да атқарылуда. 

Саябақтың ғылым, мониторинг және молайту бөлімінің мамандары жиналған тұқымдарды тазалау жұмыстарын орындады. Бүгінде 1,5 га тұқымбақ аумағына 80 кг каштан, 85 кг кәдімгі емен, 15 кг моңғол емені тұқымы егілді. Қазіргі таңда 1,5 кг қара жаңғақ тұқымы егілуде.
 
Таяуда дендрологиялық саябақта басты қақпаның алдында суғару жұмыстары орындалды. Ал Қошқар ата учаскесінде санитарлық-тазалық жұмыстарынан бөлек, жеңіл конструкциялы қойма құрылысы жүргізілді. 
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар