Қазақстан • 16 Қазан, 2020

"Болашақ" түлектері зағип жандарға арналған бірегей аппарат жасап шығарды

13 рет көрсетілді

"Болашақ" бағдарламасының түлектері Әбділда Шәменов пен Нұрбек Еңсебаев өнертапқыш Ғалымжан Ғабдрешовпен бірлесе нашар көретін және зағип жандарды қолдау мақсатында "SEZUAL" стартапын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Олар топ мүшелерімен бірлесе бүгінгі таңда әлемде баламасы жоқ бірегей құрылғыны өндіріске енгізумен айналысып жатыр.

"SEZUAL" - бұл зағип адамдарға арналған көмекші құрылғы. Ол басқа адамның көмегінсіз жүруге мүмкіндік береді. Құрылғы белгілі бір шерту қимылдарының көмегімен қоршаған ортадағы нысандармен жоғары импульс арқылы байланыс орнатады. Нәтижесінде айналадағы заттардың пішіні, материалы, оларға дейінгі қашықтық және қозғалыс бағыты туралы ақпарат түседі. Медальон пішінді құрылғыны жасап шығаруға 3 жылға жуық уақыт жұмсалған. 

Сыртқы дизайны балалардың өтінішімен "Марвел" комикстер сериясының кейіпкері Тони Старктың жүрегінің пішіні секілді етіп жасалды.

Девайс 18 айға жарамды алдын ала патентке ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Адасқан балықшы аман табылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

Ұқсас жаңалықтар