Технология • 16 Қазан, 2020

Google-да ән іздеуге арналған ерекше жүйе пайда болды

12 рет көрсетілді

Google іздеу жүйесінің қосымшасында әнді тек әуенін келтіру арқылы табуға мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz "Хабар 24" сайтына сілтеме жасап.

Функцияны пайдалану үшін Google қосымшасының соңғы нұсқасын немесе Google Search виджетін ашу керек.

Одан соң микрофон белгісін түртіп, "бұл қай ән?" деп айтып, әнді немесе әуенді 10-15 секунд бойы дыбыстау қажет. Әнді немесе әуенді айтқан кезде Google бірнеше ән нұсқаларын ұсынады. Қазіргі уақытта функция iOS және Android операциялық жүйелерінде қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар