Президент • 16 Ақпан, 2020

Қ.Тоқаев АҚШ-пен қатынас жөнінде айтып берді

245 рет көрсетілді

56-шы Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы елдегі терроризммен күрес, АҚШ үкіметімен байланыс жөнінде айтып берді. 

«Терроризммен күресушілер қатарында біз де бармыз. Былтыр Сирия мен Ирактағы азаматтарымызды қайтару бойынша 4 сәтті операция өткіздік. Осы орайда АҚШ үкіметіне көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіргім келеді», деді Президент.

Осы орайда Ричард Хаастың АҚШ-пен қатынас, әлем саясатындағы рөлі туралы сұрағына Қ.Тоқаев: «Біздің сыртқы саясатымыз үлкен күштер арасында баланс ұстауға негізделген. Жақында ғана АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға келді. Бұл да Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстың нығая түскенін білдіреді. Экономикалық серіктестікке келер болсақ, Қазақстанда АҚШ-тің «Шеврон» сияқты бірнеше үлкен компаниялары жұмыс істейді. АҚШ-тың Қазақстан үшін маңызы зор. Серіктестігіміздің одан әрі дами түсуіне үлкен мүмкіндіктер бар деп ойлаймын», деп жауап берді. 

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар